Ақпарат

Екінші әйелге неке қиғандар жазаланады

Қаралды: 728

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев таяуда елдегі имамдармен және діни қызмет өкілдерімен селекторлық жиналыс өткізді. 

Осы жиын кезінде ол өзінің көп әйел алушылыққа қатысты көзқарасын білдірді. Президент екінші әйел алғандардың некесін қиып беріп жүрген дін адамдары келешекте заң жүзінде жауап беретінін айтты.

«Соңғы кездері ресми тіркелмей, шариғат заңы бо­йынша екінші әйелге үйленушілер көбейіп кетті. Ондайлар әсіресе Ташкентте өте көп. Сонда екінші әйелден заңсыз туылғандардың ертеңгі тағдыры қалай болады? Құрметті имамдар, мұндай балалар  сіздердің арларыңыз­ға сын», – деді Шавкат Мирзиёев.

Қысқасы, Өзбекстан Президенті бұл елде азаматтардың некесін ресми тіркеусіз қиған имамдарды жауапқа тартатын заң қабылданатынын мәлімдеді.

Бұл хабар бүгінде көпшілік арасында үлкен резонанс туғызып отыр. Әсіресе қазақстандықтар арасында ол сан қилы пікірлерге арқау болуда. Өзбекстан президентінің бұл көзқарасын біреулер қызу қолдап жатса, ал екінші біреулер бұған қарсы ой айтып жатыр.

Ал Қазақстандағы билік басындағылар әзірге бұл мәселеге қатысты үнсіздік танытып отыр. Ондай кезде әркім өз білгенімен жүретіні айтпаса да түсінікті.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Unknown 05.07.2017 13:06
Енді неғылады екінші қатынды заңдастырып. Өзбеклəр бізден енді екі есе көп!!!
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру