Талғат Баратбеков – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы

24.06.2017
Қаралды: 365

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметіне Талғат Баратбеков тағайындалды.

Талғат Қожанұлы Баратбеков 1973-жылы туылған. Талдықорған Заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби аудандық сотында сот орындаушысы болып бастаған. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық және Алматы қалалық әділет басқармаларында бөлім басшысы, Алматы облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, Алматы облыстық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Шымкент қаласындағы Абай аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облыс­тық арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы лауазымдарын атқарған. 2009 – 2016-жылдар аралығында ҚР Бас Прокуратурасы бас­қармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облыстық соты сот коллегиясының төрағасы болған. 2016-жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотында судья қызметін атқарып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ