Ақпарат

Құттыбек Жамашев – облыстық құрылыс басқармасының басшысы

Қаралды: 189

Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл саланы енді Құттыбек Жамашев басқаратын болды.

Құттыбек Рахматуллаұлы Жамашев 1961-жылы туылған. Алматы архитектура-құрылыс ин­ститутын бітірген, мамандығы бо­йынша – құрылыс инженері.

Қ.Жамашев кезінде Шым­кенттегі бірқатар кәсіп­орындарда лауазымды қызметтер атқар­ған, облыстық құрылыс депар­таменті директорының орынбасары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы депар­таменті директорының орынбасары бол­ған. 2009-жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасын бас­қарды, кейін Шымкент қалалық құрылыс бөлімі бастығының орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, құрылыс бөлімінің бастығы болды. 2011-жылдың күзінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қыз­метін атқарып келді.

...Ал облыстық құрылыс бас­қармасын 2016-жылдың сәуір айынан бері басқарып келген Салыхан Полатовтың таяуда Созақ ауданының әкімі қыз­метіне тағайындалғаны белгілі.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру