Оңтүстік Қазақстан облысында ротациялық тәртіп негізінде бірқатар басқармалардың басшылары ауысты. Атап айтқанда:
2013-жылдың шілде айынан бері облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып келген Бастар Есқараев ендігі жерде облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасын басқаратын болды.
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне 2014-жылдың сәуір айынан бері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып келген Әсия Темірбаева тағайындалды.
Ал облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін осыған дейін облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып келген Мұхит Отаршиев атқаратын болды.
Т. ТҰРАН.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!