Аудандық сот төрағалары тағайындалды

24.06.2017
Қаралды: 314

Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар аудандық сот төрағаларының өкілеттік мерзімдері аяқталды. Олардың орнына жаңадан басшылар тағайындалды.

Осыған дейін Бәйдібек аудандық сотын басқарып келген Әбдіғаппар Бекбатыров Шымкент қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып тағайындалды. Ал Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметін ендігі жерде Ермек Қарақұлов атқаратын болды. Ол осыған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болған.

Ал Отырар аудандық сотының төрағасы болып Әкімбек Жанасов тағайындалды. Ә.Жанасов бұған дейін аталған аудан сотының судьясы болып жұмыс істеген.

Осыған дейін Қазығұрт аудандық сотын басқарып келген Қанатбек Қоңырбаев енді облыстағы кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырыл­ған ауданаралық соттың төрағасы қызметін атқаратын болды.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ