Ақпарат

Пара алмаса ауырып қалатындар бар

Қаралды: 405

Айтайын ба, бізде жемқорлықты жоя алмайсың. Анау терлеп-тепшіп жүргізіп жатқан алдын-алу жұмыстарының барлығы бекер. 

Оған көзім анық жетті. Құры әурешілік. Бостан-босқа кетіп жатқан алтын уақыт. Жемқорлықпен күресуге бірде-бір биліктің тармағы білек сыбана құлшыныс танытып та жатқан жоқ. Өткізіп жатқан шаралары немесе қабылдап жатқан құжаттары әшейін көзбояушылық. Яғни «для галочки». Жемқорлық жойылса қыз-қыз қайнап жатқан тіршілік тоқтап қалатын сияқты. Пара алмаса дөңбекшіп ұйықтай алмайтындар қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалатын сияқты, енді біреулері жындыхананы мекен ететін сияқты көрінеді. 

Қазір пара алып, «отырып шығу» сәнге айналды. «Пәленше деген адам пәлен пара алып сотталыпты» дегенге еттері үйренген әбден. Бет­тері бүлк етпейді. Тіпті ондайлардың бетін тілсең қан шықпайды. 

Жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды те­жейді. Халқымызды кедей­лендіреді. Алақан жайдырады.

Дәурен БОЛЫС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру