Президент карантиндік шектеулер біртіндеп алынып тасталатынын айтты

11.05.2020
Қаралды: 1415

Мемлекет басшысы ел аумағында төтенше жағдайлар режимі алынғанына қарамастан, бірқатар облыстарда коронавирус инфекциясының қаупі сақталып отырғанын атап өтті. Осы орайда карантиндік шектеу шараларын шетінен алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы президент аппаратының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

"Бүгінде бүкіл елде төтенше жағдай тоқтатылуда. Алайда кейбір аймақтарда вирус жұқтыру қаупі сақталып отыр. Эпидемия толығымен жойылмаған. Пандемия әлі де денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан, әр аймақтағы жағдай жақсарған сайын карантиндік шектеулер біртіндеп алынып тасталады", - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ