Ақпарат

Украиндар Еуроодаққа визасыз бара алады

Қаралды: 120

Украина мен Еуроодақ арасында визасыз режим жөнінде келісім күшіне енді. Бұған қатысты салтанатты іс-шара бұл елдің Словакия­мен шекарасында ұйымдастырылды. 

Екі елдің Пре­зидент­тері – Петр Порошен­ко мен Андрей Киска осы тарихи оқиғаға орай бір-бірін құшақтап тұрып құттықтады.

Еуроодақпен визасыз режим басталған алғашқы күні-ақ Украинадан Еуропаға ұмтылғандар саны 2 мың адамнан асты. Олардың басым көбі Польшаға өтті.

Қысқасы, Украина азаматтары енді «Шенген аймағына» кіретін Еуроодақ елдерінің (26 мемлекет) қайсысына болса да қысқа уақытқа визасыз  бара алатын болды. Тек тиісті құжаттары түгел болса, тәртіп бұз­баса жетіп жатыр. Құжат тек сыртқы шекарада, кірерде және шығарда ғана тексері­леді, ал Еуроодақ елдерінің өз ішінде бір үйден екінші үйге өткендей еркін жүре бе­руге болады.

Бүгінде Украина халқының басым бөлігі осыған қалпағын аспанға ата қуанып жатыр.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Unknown 21.06.2017 12:23
Енді құдақаласа натоғада мүше болады ;)
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру