Ақпарат

«Мұндай ақша жұмсасам мені тірідей өртеп жіберер еді...»

Қаралды: 94

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» көрмесін ұйымдастыруға 3 миллиард доллар қаржы кеткені туралы естіп таңқалыпты. Ол кісі өзінің таңданысын былай білдірді:

«Бізде жол жөндеу үшін 3 миллиард доллар несие алсаң, жұрт зар еңірейді. 2016-жылы Бүкіләлемдік көшпенділер ойынын өткізуге 30 миллион доллар грант алғанымызда зарлағандар өте көп болды. Егер біз көрменің ұйымдастырылуына 3 миллиард доллар жұмсағанда мені тірідей өртеп жіберер еді».

Осыны айтқан қырғыз Президенті өз елінің қаржылық жағынан жағдайы қиын екеніне өкініш білдірді. «Бірақ біз өмір бойы қаржылық қиындықта жүрмеуіміз керек, одан шығатын жол табуымыз қажет. Өзімізде жоқ мұнай мен газдың орнын біз адамдар әлеуетімен, күшімен толықтыруымыз керек», – деді ол кісі.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру