Түлкібастан тонна-тонна өнім жеткізілді

19.06.2017
Қаралды: 562

Оңтүстік Қазақстандағы Түлкібас ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аудан. Мұнда мал шаруашылығы өркендеген, дәнді дақылдар, 

бау-бақша көп өсіріледі. Аудан әсіресе алмасының молдығымен ерекшеленеді. Бұл аудан бүгінде Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне де атсалысып жатыр.

Түлкібас аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұстафа Желдібаевтың айтуынша, Түлкібас ауданы осыған дейін Астанадағы екі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көр­месіне қатысыпты.

«Астанаға 4 тонна жылқы етін жеткіздік, жылыжайларда өскен 4 тонна қызанақ пен қияр,  2 тонна орамжапырақ, 1 тонна пияз апардық, «Майлыкент-сүт» серіктестігінің тетрапакетке қорапталған сүттерін жеткіздік. Енді бір айдан соң алма пісе бастайды. Бізде жүздеген гектар жерге бау-бақ­ша еккен «Көктал» шаруа қожалығы, «Кен-Тау» деп аталатын серіктестік бар. Астанаға кем дегенде 10 тонна алма апаруға болады. Алдағы болатын жәрмеңкелерге де қатысамыз. Жалпы, биыл бау-бақшадан жақсы өнім болады деп үміттенеміз», – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Жалпы, Түлкібас ауданы да Астанада ұйымдастырылып жүрген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне ойдағыдай атсалысуда екен. Сондай-ақ оның туризмді насихаттауға да өзіндік үлесі болады. Өйткені облысымыздың ең әсем жерлері – «Сайрам – Өгем» ұлттық табиғи бағы мен «Ақсу – Жабағылы» қорығы осы ауданда орналасқан. «ЭКСПО» қонақтарының бұл жаққа да ат ізін салары анық.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ