Нұрсерік Шәріпов – Жоғарғы Сотта

17.06.2017
Қаралды: 303

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып келген Нұрсерік Шәріпов жаңа қызметке тағайындалды. 

Ол енді Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету депар­таментін бас­қаратын болды.

Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов 1965-жылы Павлодар облысында өмірге келген. Қазақ мемлекеттік университеті мен Тараз мемлекеттік университетін құқықтану және экономика мамандықтары бойынша бітірген. Кезінде Алматы қаласының Фрунзе, Медеу аудандық соттарында еңбек еткен, Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы бол­ған. Маңғыстау облыстық сотында арнайы ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, апелляциялық сот коллегиясының төрағасы қызметтерін атқарған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотын 2012-жылдың наурыз айынан бері басқарып келді.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!