Ақпарат

Түркияны тамсандырған Оңтүстік

Қаралды: 299

Биыл Қазақстан мен Түркияның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толды. 

Осыған орай таяуда Оңтүстік Қазақстан облы­сы әкімдігінің ұйытқы болуымен бір топ өнер майталмандары Түр­кия еліне гастрольдік сапарға аттанған болатын.

Оңтүстік өнерпаздарының қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбира Әбді­райымова, ҚР мәдениет қайраткерлері – Абылайхан Оспанов, Үралхан Сейіл­бекова, Әбдіхан Нұрмағанбетов, Айнұр Нұрашева, Ақмарал Биназарова, Марат Оразметов, «Қазына» би ансамблі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Семсер»  дуэті сияқты өнер дүл­дүлдері бар.

Жерлестеріміз Түркия астанасы – Анкарадағы XVІІІ «Халықаралық Рамазан»  фестиваліне қатысты. Олар қаладағы Сүйінбай Аронұлы атындағы сая­баққа жақын жердегі Жамбыл Жабаев атындағы көшенің ашылу рәсіміне қатысты, «Қазақ үй» деп аталатын көрмені тамашалады, «Қазақстан кеші» атты концерт берді. Түрік жұртшылығы оларға зор құрмет көрсетті.

«Оңтүстік өнерпаздарының кон­цертіне халық жоғары баға беруде. Түрік бауырларымыздың қонақжайлығына дән ризамыз!» – деді бізге әлеуметтік желі ар­қылы сұхбат берген талантты әнші Абылайхан Оспанов.

Олар алдағы күндері бұл елдің тағы да бірнеше ірі қалаларында концерт бермек. Алға, қазағым!

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру