Ақпарат

Жүніс Сахи туралы кітап жарық көрді

Қаралды: 146

Таяуда Алматыдағы «Roza» баспасынан Қазақ Ұлттық универ­ситетінің түлегі, ғалым Айгүл Иманованың «Жұлдызды жолдың сардары» атты моно­графия­лық еңбегі жарық көрді. 


Онда  «Қазақтың Жюль Верні» атанған белгілі жазушы-болашақгер, халықаралық «Байқоңыр» сыйлығының иегері, жерлесіміз Жүніс Сақұрпағының өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылады.

Бұл ғылыми еңбекте жазушының «Тіршілік ұя­сы» деген алғашқы романынан басталып, «Кеңістік көш­пенділері» атты серияға ұласқан көптеген романдары туралы, оның ғылыми идеялары жө­нінде мол мағлұмат бе­рілген. Мысалы, «Көктен келген көш­пенділер», «Марс­тан шыққан жаңғырық», «Шолпанға көшкен ауыл», «Су әлемінің саздары», «Ғарыштан келген гүл» атты романдарының атауының өзі оқырманды ойсыз қалдырмайтыны рас.

Ғалым А.Иманованың бұл ғылыми еңбегі «Жазушы-болашақгер Жүніс Сақұрпағының сара жолы» және «Ғылым жолы» деген негізгі екі бөлімнен тұрады. Ол көпшілік оқырманға арналған, жеңіл оқылады әрі қызықтырып, баурап алады.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру