Ақпарат

Созақ ауданының әкімі ауысты

Қаралды: 322

Созақ ауданының әкімі ауысты. Бұл ауданды енді Салыхан Полатов басқаратын болды.

Салыхан Сабырұлы Полатов 1959-жылы туыл­ған. Мамандығы – инженер-металлург, экономист. Кезінде Шымкент қорғасын зауытында, «Южполиметалл» жабық акционерлік қоғамында жауапты қызметтер атқарған. 2005 – 2016-жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Отырар ауданының әкімі, облыс әкімінің кеңесшісі болды. 2016-жылдың сәуір айынан бері облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Ал енді Созақ ауданын 2015-жылдың маусым айынан бері басқарып келген Мақсат Исаевтың аталған қызметтен не үшін кеткені әзірге белгісіз.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру