Ақпарат

Тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет көрсете алады

Қаралды: 75

Кешегі аптада Астанадағы жаңа теміржол вокзалы ресми түрде пайдалануға беріліп, алғашқы жолаушысын қабылдады. 

Оның алдында Елбасы «Нұрлы жол» вокзалымен танысып, оң бағасын берді. Астанадағы жаңа вокзал – сапасы мен көлемі жағынан ТМД елдері арасында ең үздігі болатын өте маңызды нысан.

Жаңа вокзалдың өткізу қабілеті – тәулігіне 35 мың жолаушы. Ендігі ретте Астанаға темір жол арқылы қатынайтын 54 бағыттағы пойыздарды «Нұрлы жол» вокзалы қабылдайды. 22 бағытта қатынайтын пойыздар «Тұлпар-тальго» вагондарымен жабдықталған, ал қалған бағыттарда стандартты және қалааралық пойыздар қатынайды.

Вокзалдың орналасу тәртібі де теміржолдың бағытына икемделіп, халықаралық тәжірибеге сүйеніп салынған. Сондай-ақ бір ғимаратта теміржол транспортына да, қалалық транспортқа да орын бар. 

Жаңа вокзалда қауіпсіздік шараларына өте көп мән берілген. Вокзалдың кіреберісінде 16 тексеру тобы жұмыс істейді. Ғимаратта заманауи озық интеллектуалдық жүйелерімен жабдықталған 510 бақылау камерасы орнатылған. 

Вокзалдың бірінші және екінші қабаты (жердің астында орналасқан) автотұрақ ретінде беріліп отыр. Ғимараттың ішінде орналасқан автотұраққа 740, ал ғимараттың сыртындағы автотұраққа 750 көлік сыяды. Вокзалда 1300-ден астам адам жұмыс істейді. 

Бұл жағымды жаңалық туралы осы салаға қатысты министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшасында жан-жақты жазылған.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру