Ақпарат

Шардарада дарбыз пісті

Қаралды: 1963

Шардаралық шаруалар алғашқы бақша өнімін жинауды бастады. Өткен аптада Жаушықұм ауылдық округінде дарбыз еккен диқандар алғашқы 30 тонна өнімді

 Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті. 2 гектар алқапқа жамылғы астына ерте пісетін дарбыз тұқымын отырғызған «Бағдат» шаруа қожалығының диқандары пленканы қос қаптама түрінде жауып шыққан екен. Бірінші болып егістік алқаптан өнім артқан қожалық төрағасы Б.Шыназбаев әр гектарынан кем дегенде 40 тоннадан дарбыз алудан үмітті.

Аудан бойынша жаушықұмдық шаруалар жамылғы астына өнім егуден алдыңғы орында тұр. Ауыл әкімі Серік Махамбетовтің мәліметінше, қазіргі таңда 3312 гектар аумаққа бақша дақылдары егілген. Мұның 100 пайызы жамылғы астында өсіріліп отыр.

Көктем басталысымен қарбалас тірлікке көшетін диқандар қауымы пленка астына дақыл егудің шығыны әр гектарына 500 мың теңгені шамалайтынын айтады. Дегенмен, сатуға ерте шығарып үлгерсе, шыққан шығынның орны толады. Ерте піскен дарбыздың килосы 100 теңгеге жуық бағадан сатылды. 

Ең бастысы, шардаралық шаруалар биылғы жылы шегіртке шабуылынан аман. Күнделікті қадағалаудың арқасында зиянкестермен күрес өз деңгейінде жүргізіліп, диқандардың алаңсыз тірлік жасауларына мүмкіндік туды. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Муля 06.06.2017 17:06
Замана.кз неге дарбыз деп жазасыздар,тіл комитетінде қарбыз деп бекітілген ғой.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру