Ақпарат

«Рентген-адам» атанған көріпкел апа

Қаралды: 1982

Ол кісіні жұрт «Рентген-адам», «Көріпкел апа» деп атайды. Себебі Маржан Есениязова алдына барған адамның ішкі құрылысын, 

қай жері не себепті ауыратынын айтқызбай-ақ көріп-біліп отырады. Өттегі тастың көлемін, бүйректегі құмның, асқазандағы жараның нақты қай жерде екенін де тап басады.

Қаруы – қобыз бен асатаяқ

Маржан Құбашқызы Аты­­рау облысының Құлсары қаласында тұрады. Бо­йындағы қасиетін жасы 30-ға таяғанда түбегейлі мо­йындаған оның емшілікпен айналысып келе жатқанына да отыз жылдан асыпты. Бұл уақыт аралығында ол еш жерден ем таппай қинал­ған көптеген адамға жәрдем беріп, халық медицинасының мықтылығын дәлелдеген. Осылай облыстық, республикалық мәртебесі бар бірнеше марапатқа ие бол­ған оның қаруы – қобыз бен асатаяқ. Сосын дауылпазымен зікір салып, алақандағы жылумен арқаңызды бір сипап өтсе болғаны, желкенің құрысқаны басылып, бастың ауырғаны қойып, жолыңыз ашылып сала береді.

«Мен мұндай қасиетімнің барын бұрыннан байқайтынмын, – дейді Маржан апай. – Шәугімді токқа қоссам күйіп кетеді, үтікті ұстасам өздігінен қызып бара жатады. Мен бар жерде теледидар іс­темей қалады. Ал базарда саудагердің қасына барсам саудасы қыза түседі. Бастапқыда мұның себебін білмедім. Тек ересектер бас­тары ауырғанда уқалап беруімді сұранатын, содан дәрісіз жазылып кетіп жататын. Қан қысымын да солай қалыпқа келтіретінімді тәжі­рибе жүзінде анықтадым.

Кейін мені жүйкесі ширығып ауы­ратын адамдарға кө­мектес деп шақыратын болды. Ешкімге дес бермей тұрған ондай адамға жақындасам жуасып сала бе­реді, ал басын ұстасам мау­жырап ұйықтап қалады да, ауру қайта мазаламайды. Ал менің алақандарым қы­зып кеткенде ауырған адам­ның денесін сылап-сипасам олар жазылып кетеді, менің де қолымның қызуы басылып, жеңілдеп қаламын».

Өттегі тасты түсіріпті

Атырау өңірінде Маржан апай жайлы аңызға бергісіз әңгімелер жиі айтылады. Соның бірі – ол кісінің науқасты өттегі тастан құт­қар­ғаны жайлы.

Бұл 1995-жылы болған екен. Өттегі тасы үлкейіп, дәрігерлердің тезірек ота жасау керек дегенінен сескенген 47 жастағы бір азамат дем салдыру үшін Маржан апайға барады. Қобыздың қоңыр үніне қосыла ыңылдай әндете дем салып, асатаяғымен зікір сал­ған емші оған ақ жол тілей бата бергенде оттай ыс­тық алақанымен арқасынан қақ­қан екен. Сол күні кешкісін әлгі азаматтың іші, сосын қуық тұсы ауырады. Өзінен-өзі жиі дәретке шыққан ол бір аптадан кейін ота жасатуға ауруханаға барғанда өттегі тастың жоқ екенін естіп таңқалған.

«Осыдан кейін маған өтінде тас бар адамдар ағылып келе бастады. Байқайтыным, ер адамдардың үрпі жолы тар болғандықтан өттегі тас еріп, түсе бастағанда қуық тұсында ауырсыну сезіледі. Ал әйелдерде олай емес, олар тіпті өттегі тастың түскенін сез­бей де қалады», – дейді Маржан апай. Бүгінде ол осы әдіспен бүйректегі тұзды да кетіріп жүр.

Маржан Құбашқызының қолындағы жылудың таң­қалдырар тұсы бұл ғана емес. Кейбіреулер оны сынықшы деп те атайды. Себебі Маржан апай шыққан сүйекті бір­неше рет сыртынан сипап өтсе, ол сырт еткен дыбыс шығара өзі-ақ қалпына келетін көрінеді. Ал сынған сүйек тез бітеді.

Дауылпазы да дертке дауа екен

Дауылпаздың жөні бө­лек. Жолы болмай жүр­ген, отбасындағы келеңсіздік, күйзелу мен уайым сынды дерт кезінде дауылпаздың үні – науқастың жүйке талшықтарын тыныштандыратын, рухани күш-қуат беретін, жол ашатын құрал іспеттес. Маржан апайды Ақтаудан іздеп келген бір келіншек екі күн дауылпаз арқылы жасалатын зікірден кейін көп ұзамай жүкті болып, тілегі орындалғаны жайлы да есті­дік. Оған дейін ол ке­ліншек алты жыл бойы Алматы мен Ресейде ем алып, онысы нәтижесіз болып келген екен.

Аураны тазартып,

жол ашатыны да бар

Біз Маржан апайдан зікір салудың шипалық құпиясы жайлы сұрадық.

«Зікір сал­ғанда адмның жолындағы түйіндер ашылып, кедер­гілер жойылады. Бұл кезде біреу жаттатып қойғандай көмейіме шумақ-шумақ өлең­дер келе береді. Мен тек соларды өз әуеніме салып қайталаймын. Ал алдымдағы адамның денесі түршігіп, сол арқылы бо­йындағы зиян, тіл-көз, сиқырдың бәрі сыртқа шығады. Ол әсіресе жүйке ауруларына шипа. Сосын адамның бойын тазалайды, Рухани жеңілдік алады», – дейді емші.

Маржан Құбашқызын бүгінде дендеген дертінің нақты диагнозы табылмаған немесе қанша емделсе де оңды нәтижесі болмаған адамдар жиі іздеп барады. Емші мұндайда адамның бойын тазарту керек дейді. Қажет еткендерге Ресей мен Қы­тайдан мең­геріп келген банка қою, нүктелік массаж, қан алу сынды басқа да ем түр­лерін жасайды. Дәрісіз, көнеден келе жатқан ем демесеңіз, халық медицинасының бұл әдістері ұятқа қалдырған кезі болмапты.

М.Есениязова алдына аса ауыр дертпен барған нау­қастарды 21 күн емдейді екен. Оның алғашқы 7 күнінде дауылпаз бен асатаяқ арқылы зікір салып, аурасын тазартады. Содан кейін қай ем болса да тиімді жүретін көрінеді. Осыны білетін жерлестері жолы болмай не ем қонбай жатса дереу Маржан апайды іздейді. Оның Жылой ауданының Құрметті азаматы атануы да сондықтан болса керек.

...Бұл мақаламызда біз Маржан Құбашқызын жарнамалап жатқан жоқпыз. Кімге емделемін десе де ол әркімнің өз еркі. Біздің тек ел ішінде осындай ерекше дарын иесі бар екенін ғана айтқымыз келді.

Ал Маржан Құбаш­қызына хабарласамын деушілер болса, ол кісімен 8-702-953-15-15 нөмірлі телефоны арқылы байланыса алады.

Р. САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Зули 06.06.2017 06:59
Алматыға да келсе гой
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру