Ақпарат

Бір ауыз сөз...(Желідегі жазбалар)

Қаралды: 251

Эстонияда Нарва деген қала бар. Ресей шекарасының дәл түбінде. Ол қаладағы тұрғындардың бес-ақ пайызы – эстондар. 

Қалғандарының бәрі негізінен орыстар. Жақында сол қаладағы орысша оқытатын университет те, мектептер де жабылды. Тек эстон тілінде ғана оқытылатын болды. Ал Эстониядағы жергілікті тұрғындарының саны біздің Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жартысынан сәл-ақ асады! Алақандай ғана болса да не деген қайсар, не деген шымыр, не деген рухты ел десеңші!

Біз болсақ, Павлодар қаласындағы Дзержинский атындағы көшені қайталанбас ұлы ғалымымыз Сәтбаевтың атына жалын­ғандай боп зорға ауыстырдық.

Дүрәлі Дүйсебай.

* * *

Жиын, мәслихаттарда ащы шындықты айтып, өткір сынасаң, сыртқа шыққан соң:

– Жақсы айттың! Разымын саған. Тура көкей­дегіні дөп бастың! – деп қолыңды қысып, жібермей қоятындар көп. 

– Соны менен кейін сөз сұрап жиын үстінде көптің көзінше неге айтпадың? – десең:

– Маған болмайды ғой... Жұмыстан айырылып қаламын ғой...қысым жасайды... Бала-шаға бар... – деп күмілжиді. 

Сонда одан өзге жұртта қызмет жоқ па, бала-шаға жоқ па? Қатын-баласын иен таудағы үңгірге апарып тастап, жұмысынан босап келіп жиынға қатыспай ма, өңшең сужүрек сұр қояндар!

Қуандық Шамахайұлы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру