Пітір садақасы 300 теңге болып белгіленді

29.05.2017
Қаралды: 604

Биыл Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 300 теңге болып белгіленді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе ортақ есеппен бір ауыздан осылай бекітілді. 

Пітір садақасы Рамазан айының алғашқы күнінен бастап оразадан кейін болатын айт намазына дейін беріледі. Пітір садақасы бұл – әрбір мұсылман үшін Рамазан айында жағдайы төмен адамдарға, жетім-жесірлерге немесе мешіттерге арнайы берілетін садақа.

Араб тілінен аударғанда «пітір» сөзі «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақасы – күнделікті қолданатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде нисап мөлшеріндегі (85 грамм алтын немесе оның құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіб садақа.

Алла-тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін!

Мұхамеджан ЕСТЕМІРОВ, 
ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
өкіл-имамының орынбасары,  дінтанушы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ