Ақпарат

Олар әскери-патриоттық жарыста топ жарды

Қаралды: 327

Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде Шымкент қаласындағы «Ауған соғысы мүгедектерінің қоры» қоғамдық бірлестігі 

(төрағасы – Бақытжан Тәжімбетов) мен қалалық білім бөлімі мектептер арасында әскери-патриоттық ойын түрлерінен турнир өткізіп жатқанын жазған едік.

Таяуда Шымкенттегі №25 мектепте биылғы турнирдің қорытынды жарыстары аяқталды. Алғашқы жарыстардан іріктеліп шыққан жоғары сынып оқушылары сап түзеп жүруден, әскери жаттығулар орындаудан, автоматты бұзып-жинаудан, турникке тартылып, гир көтеруден және тағы басқа да спорт түрлерінен күш сынасты.

Бұл жарыстың ауыспалы «Гран-при» жүлдесі – жауынгердің қоладан жасалған ескерткіш-статуэткасын Шымкенттегі №52 мектеп-лицейдің өрендері жеңіп алды. Жүлделі үш орынды №7, 103 және 46-мектептің оқушылары иеленді. №47 мектептің оқушысы Владимир Бангерд «Үздік балуан» атанды, №25 мектептен Бекжан Сүйіпалы – «Үздік шабуылшы», №25 мектеп оқушысы Бекзат Насыруллаев – «Шымыр», №7 мектептен Алина Баракова – «Мерген», №52 мектеп оқушысы Жанар Съезд – «Епті» аталымдарын жеңіп алды.

Сондай-ақ «Таусоғар» мен «Алтын жүрек» аталымдарына №25 мектептің, «Ең жүйрік» және «Үздік шеруші» аталымдарына №52 мектептің оқушылары қол жеткізді. Ал №103 мектептің оқушылары «Ең үздік патриоттық ән шерушілері» атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жарысты ұйымдастырушы қоғамдық бірлестік төрағасы Б.Тәжімбетов тиісті жүлделер мен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Ж. ЕЛІБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру