Ақпарат

Батырхан Құрмансейіт – басқарма басшысы

Қаралды: 148

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Батырхан Құрмансейіт облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Б.Құрмансейіт 1975-жылы туылған. Ол Қазақ Ұлттық университетін, Орта Азия университетін бітірген. Мамандығы бойынша – шығыстанушы-филолог, жапон тілі мен әдебиетінің оқытушысы, заңгер, 1-ші хатшы дипломатиялық дәрежесінің иегері. Кезінде еліміздің Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде, Президент Әкімшілігінің сырт­қы саясат орталығында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жауапты қызметтер атқарған. Кейін мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусы кадрлық резервіне алынған.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру