Балмаржан Нарбекова – басқарма басшысы

17.05.2017
Қаралды: 626

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Балмаржан Нарбекова облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы қызметіне тағайындалды.

Балмаржан Полатқызы Нарбекова 1988-жылы өмірге келген. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша – құқықтану бакалавры. Еңбек жолын Шымкент қаласы әкімінің аппаратында нұсқаушы болып бастаған. Кейін «Жастар орталығы» РМҚК» мекемесінде, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында басшылық қызметтер атқарды, «Нұр Отан» партиясының қаладағы Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары болды. 2015-жылдың шілде айынан бері Шымкенттің Қаратау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Жалпы, Б.Нарбекова көпшілік назарына студент кезінен түсе бастаған, өте белсенді жан ретінде танылған. Осы уақытқа дейін ол көптеген қоғамдық істердің бел ортасынан көріне білді.

Біз Балмаржанның жаңа қызметінде де абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ