Ақпарат

Бір ауыз сөз... (Желідегі жазбалар)

Қаралды: 369

Соңғы кезде нервім шығып, давление көтеріліп жүр. Себебі менің есегіме қазақша үйретіп жүргеніме 26 жыл болды, ол әлі 

«А-а-а-а-а» дегеннен басқа сөз білмейді. Негізі қазақтың есегі ғой, енді есегімді сататын шығармын.

Kошқар Омар.

* * *

Қазір кейбіреулер Құдайдан емес, сот­кадан қорқатын болды. Тойға барса билеп жүргенде түсіріп алады, ойға барса одан да бірдеңе табады. Пайдасы да бар сотканың, зияны тағы бар. Осы соткасыз қалай өмір сүрдік-ау?

Роза Махамбетова.

* * *

Қырықтан асса да қылымсып, жас қыздардың киімін киіп, шаш үлгісін қоятын және «мені көргендердің бәрі пәленінші жылғыға ұқсайсың деп айтты» деп мәз болатын әйелдер қанша қылымсыса да енді қайтып қыз болмайтынын біле ме екен? Әркім жасына сай сөйлеп, жасына лайықты іс жасағаны дұрыс қой негізі. Қалай ойлайсыздар?

Гүлмира Әшірбекова.

* * *

Облгаздың бір өкілі пәтер аралап газдың жануын тексеріп жүр екен, бір парақ түбіртегін беріп 800 теңге төлейтінімді айтты. Мен не үшін деп сұрадым. Ол газдың вытяжкасы жақсы жұмыс жасайтынын ескертті.

Мен: «Жұмысы дұрыс болмаса штраф салуға болатын шығар, ал бірақ жұмысы жақсы екен деп ақы төлетуді сізден естіп-біліп тұрмын», – деп таңқалғанымды жасырмай айтып қалдым. Ол: «Сенбесеңіз, 60-35-17-ге звандап сұрарсыз», – деп кетіп қалды.

Бұл оқиға сіздерге де түсініксіз әрі қызық емес пе? Әлде Шымкентте облгаздың мен білмейтін сондай да қызмет түрі бар ма еді?

Гүлмира Серікбаева.

* * *

Құрметті Шымкент қаласының және ОҚО тұрғындары! Менде бір сұрақ бар еді: «Біркөлік» тауының демалыс аумағына барғандарыңыз болса осы жағдайды барған сайын ойланып кетемін: не үшін тауға шығу ақылы? Ол жерде есікті жауып тұрған әйел тауға дейін жетуге 300 теңге алды адам басына, таудың етегіне жете бере баннер тұрған жерге дейін, «Сайрам» деп жазылып тұрған жерден тауға жауапты кісілер ары қарай 400 теңге алды адам басына. Сонда олар тауды сатып алған ба? Әлде бизнес жасап жатыр ма? Екеуі де басшылар ұрсады деп айтты.

Барған кісілер болса бұл оқиға басынан өткен шығар деп ойлаймын.

Досжан Ешмұратов.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру