Ақпарат

Альбина Елшиева – колледж директоры

Қаралды: 185

Альбина Елшиева жаңа қызметке тағайындалды. Ол кісі енді Шымкенттегі №2 кәсіптік колледжді басқаратын болды.

А.Елшиеваның 2011 – 2015-жылдар аралығында облыстық білім басқармасының басшысы болғаны белгілі. Декреттік демалыста жүргенде лауазымынан босатылған болатын. Кейін өзінің қызметтен босатылуын заңсыз деп тану, оған қайта орналастыру жөнінде Шымкенттің Қаратау аудандық сотына облыс әкімі аппаратының үстінен үш мәрте шағым түсіргені, ақырында соттың ол кісінің шағымын қанағаттандырып, қызметіне қайта тағайындау жөнінде қаулы шығарғаны белгілі. Біз бұл жөнінде газетімізде жазғанбыз. Содан бері жұрт мұның соңы не болар екен деп елеңдеп жүрген еді.

Таяуда А.Елшиева қаладағы №2 кәсіптік колледждің директоры қызметіне тағайындалды. Конкурстық негізде.

Аталған колледжде бүгінде 2000-ға жуық бала 10 мамандық бойынша білім алуда. Колледж жұртшылыққа облысымыздағы алдыңғы қатарлы кәсіптік оқу орны ретінде танымал.

...Бүгінде елімізде орта кәсіптік білім беру маңызды бағыттардың бірі болып саналатыны белгілі. Ендеше, Альбина ханымға бұл саладағы еңбегіңіз жемісті бола берсін дейміз.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру