Ақпарат

Ел ерекше мақтайтын Мұрат емші

Қаралды: 848

Қызылорда облысында Мұрат Байғабылов есімді емші тұрады. Бұл азаматты емделушілер жиі мақтайды. 

Естуімізше, Мұрат Жәнібекұлының көкейдегі сұрағыңды көзіңнен оқып қоятын қасиеті бар екен. Сондай-ақ диагноз қоюдағы дәлдігі мен дәрі-дәрмекке «көнбейтін» кейбір кеселді қарапайым амалдармен емдейтіні де жұрт аузында. Сонда бұл емші қандай ем түрлерін жасайды? Оны төмендегі сұхбаттан оқып-біле аласыздар.

– Мұрат Жәнібекұлы, сізге ем­де­лушілер диагнозды дәл қояды деп жатады. Дәрігерлер бұл ретте анализ қорытындылары мен ауру белгі­леріне мән береді. Тырнақ, көз бен тілге, дене қызуына, тамыр соғысы­на қарайтындар да бар. Ал сіз диагнозды қалай қоясыз?

– Оны бір ауыз сөзбен түсіндіріп айту өте қиын. Себебі менің емшілік әле­міне келуімнің өзі жұмбақ та тылсым оқиға­лар­мен жалғасып, ұзақ жыл­ғы сырқат пен сынақтан өт­кен­нен кейін ғана мойындалған нәрсе. Ал аурудың неден басталып, неге өрші­ге­нін тылсым бір күш жүрегіме сез­діреді. Мысалы, маған ауырып қалған жас сәбиді алып келеді. Сол кезде «жерге аунатып, үш рет ұшықта» деген ақпарат келеді. Санама емес, жүрегіме. Тап солай ауырып келген келесі адам­ға жерұшық ем болмайды, оны отпен ұшықта деген белгі алуым мүм­кін. Осыны істегенде қол­ды-аяққы тұрмай шырылдап жылап, ұрттам су іш­се құсып қиналған сәби тәуір болып кетеді. Мен осылай жүрекке келетін сезім арқылы диагноз қойып, ем жасаймын.

– Жұрт сізді көріпкел деп жатады...

– Мен өзімді олай атай алмаймын. Былай түсін­дірейін: бірде маған 4-5 жастағы қызын ертіп бір әйел келді. Бала өз-өзінен тұтығып, сөйлемей қалды дейді. Әдетте балалар бірде­ңеден қаты шошын­ғанда тілі тартылып қалады ғой. Сондықтан қорғасынды балқытып, қорықтық құйдым. Бірақ оның әсер етпегенін сезіп тұр­дым. Жүрегіме ақпарат құйылды, анасына: «Қызыңыздың бір затқа көңілі құлаған. Сіздер соны әперемін деп уә­де беріп, оны орындамағансыздар. Бұл қыз соны өте қатты армандап, күтіп, қалауы орындалмаған соң рен­жіген. Бірақ оны айта алмай, іштей тына берген де, ол жүйкеге әсер еткен. Қалауын орындаған күні қызың қуанғаннан өзі-ақ сөйлеп кетеді» дедім. Абдырап қалған анасы ә дегенде қызының қалауы не екенін түсіне алмады. Сонда көзіме періште сияқты қос қанатты бейне елестеді. Осыны айтып едім, бәрі түсі­нікті болды. Балабақшада құрбыларының ар­қасында аппақ қанаты бар әдемі көйлек кигенін көрген қыз соны армандаған болып шықты. Ата-анасы мұн­дай көйлекті кейін әпереміз деп елемей қоя салған екен. Айтқандай, сол көй­лекті кигенде қыз қуан­ғаннан айқайлап жібереді. Осындай оқиғалардан кейін көпшілік мені бәрін айт­қызбай сезіп-біліп қояды деп санайтыны рас. Бірақ мен жүрекке келген сезім­мен ғана жұмыс істейтін жанмын.

– Сонда сіз тек жас балаларды ғана емдейсіз бе?

– Жоқ, ересектер де келеді. Күніне 5-тен 20-ға дейін адам келетін кездері бар.

– Ересектерді мазалайтын ауру да, уайым мен проблема да көп. Оларды қандай тәсіл­дермен ем­дейсіз?

– Ауру түріне қарай ем жасалады. Бір таныс апай болды, түрлі себептермен перзент­тері біреуі ерте, біреуі кеш, ана дүние­ге кете берді. Бұл уайымды көтере алмай, жеңгеміз қайғыдан төсек тартып жатып қалды. Қай­да апарса да беті бері қарамаған оны менің ем­деуіме тура келді.  Дем салдым. Сосын инемен емдедім. Массаж істедім. Екінші курс емде-ақ ол кісі өзі жүре алатын халге жетті. Денесін суық қарыған жандарға нүкте­лерді қыздыру, яғни от терапиясымен де емдейтін кезім бар.

– Алақанында жылу бар деп жатады сізді...

– Ол менен гөрі  емде­лушілерге мәлім нәрсе. Бірақ олардың да сөзін жоқ­қа шығара алмаймын. Арқасында үлкен түйін бар бір апайға массаж істегенім бар. Оны кестіріп алып тас­тауға қорқады екен. Сырт­қа да кә­дімгідей томпайып, анық көрініп тұратын сол түйінді бір жеті массаж істе­генде сезген де, көрген де жоқпын. Оған мен де, өзі де таң қалдық. Жиырма жылдан астам уақыт бол­ған сол түйін он күннің көлемінде із-түзсіз жоқ болды.

– Ине салу, отпен емдеуді қалай, қайдан үйрендіңіз?

– Мен емші боламын деп әсте ойлаған емеспін. Мамандығым да мүлде басқа. Бірақ қасиетті мо­йындамасаң өзіңді қысады екен. Қазір маған келіп емделушілер сияқты мен де кезінде ем іздеп, шарқ ұрып талай дәрігердің алдынан өткенмін. Аурухана төсегіне таңылған кездерім қаншама?! Сонда ауруханадағы тазалықшы бір кісі: «Балам, сен мұнда бекер жатырсың. Cенің емің бұл жақтан емес» деп жол көрсетіп еді. Бұл 1985 жыл болатын. Одан кейін де талай қиналдым, ем іздедім, әулие араладым. Ақыры қолыма Құран ұстағанда ғана өзіме келдім. Бірақ еш ілім-білімсіз мен емшімін деп адам емдей алмаймын ғой. Сондықтан діни сауатымды арттырдым, Қытай асып, медициналық дәріс алдым. Үрімшіде уқалау, сылап-сипау, ине салу, қан алу, гуаша, отпен емдеуді меңгердім. Нүктелермен диагноз қоюдың қыр-сырын үй­рен­дім. Дәрі­герлік пен емшілікті қатар алып жүрген белгілі адамдардың тәжірибе­сінен өттім. Осы­лай жүрекке келетін сезімді іліммен байланыстырдым. Адам емдеуге дайындықсыз, тәжірибе­сіз  келе ал­мадым. Ал рухани ем жасағанда Құран мен қамшыны пайдаланамын.

– Осы от терапиясы де­генді тереңірек түсін­діріңізші.

– Ол бойдағы суықты шығару. Адам көбіне суықтау мен жүйкенің жұқаруынан ауырады. Жүйке талшықтарын инемен тітір­кендіру арқылы емдей­тіні түсінікті. Ал суықтан болған ауруларда алдымен сол суықты шығару керек. Бұл қазақтың көнеден келе жатқан бұлау әдісіне ұқсас ем. От терапиясында адам денесі күймейді, одан қорқудың керегі жоқ. Ол тек белгілі нүктелерді қыздыру арқылы бойдағы суықты шығарады. Бұл жауырыннан-сегізкөзге дейін, сосын белден табанға дейін екі бөлініп жасалатын ем-шара. Сонда адам бой-бой болып терлейді. Термен бірге қандағы, ағзадағы зиянды заттар, тұздар да сыртқа шығады. Осының өзінде-ақ адам өзін өте жақсы сезі­неді. Адамның иммунитеті күше­йеді. Осыдан кейін жасал­ған кез клеген ем өте тиім­ді әсер етеді. От те­­ра­пиясы, бірақ, ары кеткенде екі-ақ рет жасалады. Ал жалпы барлық тә­сілдерді қолдану арқылы емдеу курсым – он күн.

– Белгілі бір ауру түріне қатысты оқырмандарымызда сұрақ туындаса, жауап берер ме едіңіз?

– Әрине! Маған 8-702-233-43-07, 8-747-233-43-07 телефондары арқылы хабарласуға болады.

– Уақыт бөлгеніңізге рахмет.

Сұхбаттасқан – Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру