Ақпарат

Қазақстан әскерінің қуаты қандай?

Қаралды: 135

Халықаралық әскери сарапшылар  «Әскери қуаттың жаһандық индексі» бойынша әлемдегі 127 мемлекеттің рейтингін жариялады. Осы рейтингте Қазақстан Қарулы Күштеріне 53-ші орын беріліп отыр.

Бұл рейтингте көрсеткіштер 50-ден аса факторлар бойынша есептеліпті. Онда ең басты көрсеткіш ретінде мемлекеттегі әскерге жарамды адамдар саны алынған, сондай-ақ географиялық факторлар, логистикалық икемділік, табиғи ресурстар, өнеркәсіптің дамуы есептелген.

Аталған 127 мемлекеттің көш басында АҚШ қарулы күштері тұр, одан кейінгі орындарды Ресей мен Қытай иемденіпті. Бұлардың әскери қуаты жайлы білмек болып қарас­тырғанда 2015-жылы шыққан жарияланымнан мынадай жайларды таптық:

АҚШ-та 320 миллионнан астам адам бар, қазір армия қатарында 1,5 миллиондай солдат қызмет етуде. Резервте 1,1 миллион адам тұр. Әскер бюджетіне 577 миллиард доллардан аса қаржы бөлінеді.

Ал Ресейде 142 миллионнан аса адам бар, оның 70 миллиондайы әскери қызмет өтей алады. Қазір әскер қатарында 777 мыңға жуық адам қызмет етуде. Әскери бюджеті 60 миллиард доллардан астам қаржыны құрайды.

Қытайда 1 миллиард 356 миллион адам болса, оның 2 миллион 333 мыңы әскер қатарында. Бірнеше миллиондаған адам әскери қызметке жарамды. Қорғаныс саласына бұл ел 145 миллиард доллар қаржы бөлген.

Аталған рейтингтегі алғашқы ондыққа сондай-ақ Ұлыбританияның, Францияның, Түркияның және Үндістанның әскерлері кірген.

Бұл рейтингте ТМД елдерінен Өзбекстан 48-орынды, Беларусь 50-орынды иемденген. Ал Қазақстанның алған орны – 53-ші.

Қалай дегенде де Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері тым осал емес сияқты. Ол өз мемлекетін қорғай алады. Осыған шүкір дейік. Әйтпесе бүгінде біреудің қол астында, ықпалында отырған, әскер ұстауға қауқары жоқ елдер де аз емес.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру