Ақпарат

Ташкент жақта тағы да не гәп?

Қаралды: 636

Зейнеткерлерге қамқорлық

Жыл басынан бастап Ташкент қаласындағы метрода барлық зейнеткерлер үшін жолкіре тегін болып тұр. Метро станциясына кіргенде зейнеткерлік куәлі­гіңді көрсетесің де қалаған жеріңе тегін жетіп аласың.

Бұл да Президенттің Жар­лы­ғымен жүзеге асқан игілікті іс.

Каримовтың мүсіндері дайын

Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Каримовтың мүсінін жасауға арналған халықаралық байқау аяқталды. Бұл байқаудың жеңімпазы деп белгілі мүсінші, Ташкенттегі бірқатар ірі монументтердің авторы Ильхом Жаббаров танылды. Сондай-ақ 2-ші және 3-ші орын иелері де белгілі болды. Олар – Ж.Аннаназаров пен Т.Тәжіқожаев. Бұдан бөлек, тағы да екі өзбек мүсіншісі мен Оңтүстік Кореядан қатысқан үш мү­сінші марапатқа ие болды.

Қысқасы, марқұм Ислам Каримовтың бірнеше ондаған мүсіндері пайда болды. Олар енді тиісті жерлерге орнатыла бастамақ.

Ташкенттің әкімдері жаңарып жатыр

Өзбекстан Президенті таяу­да Ташкент қаласындағы төрт ауданың әкімдерін ауыстырған еді. Кешегі аптада Алмазор ауданының әкімін қызметінен босатқан болатын. Сондай-ақ ол осы ауданның прокурорын, ішкі істер басқармасының және салық комитетінің басшыларын да орнынан алып тастаған еді.

Кешегі аптада Алмазор ауданына жаңа әкім таға­йындалды. Бұл ауданға осыған дейін Жызақ облысын басқарып келген Абдукаххар Тухтаев әкім болды. Ол 2011 – 2015-жылдар аралығында Ташкент қаласының әкімі қызметін атқар­ған.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру