«Салтанат» балабақшасында шат-шадыман той болды

25.04.2017
Қаралды: 695

Кешегі аптада Шымкенттегі «Салтанат» бөбекжай-балабақшасында Наурыз мерекесі аталып өтті. 


Іс-шара кезінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен қойылымдар көрсетілді, баланы бесікке салу, тұсаукесер салт-жоралғылары сахналанды. Адамдарға жақсылық жасайтын Қыдыр ата, тіршілік атаулыны асырайтын Жер-Ана, сондай-ақ Көктем аруы келіп, ізгі тілектерін білдіріп, балаларды ерекше қуантты. Бүлдіршіндер арқан тарту ойынына қатысып, күш сынасты. Балалар айтысы ұйымдастырылды.

Бұл балабақшаға «Балапан» бағдарламасы бойынша 2015-жылы желтоқсанда мемлекеттік тапсырыспен 100 балаға орын берілген болатын. Бүгінде балабақша үш тілде білім беру жүйесіне қосыл­ған. Бүлдіршіндер халықаралық «Үркер» турниріне қатысып, үздік дипломдарға ие болған. Балабақша меңгерушісі – Динара Әмзеқызы Момбекова.

Қазір мекемеде үш қазақ тобы, екі орыс тобы бар. Олар – «Бәйтерек», «Ботақан», «Балапан», «Звездочка» және «Солнышко» деп аталады.

Аталған іс-шара кезінде «Бәйтерек» ересектер тобы (тәрбиешісі Г.Оразбек) мен «Звездочка» ересектер тобының (тәрбиешісі П.Евдокимова) және «Солнышко» ортаңғы тобының (тәрбиешісі О.Лигус) балалары керемет билерімен көзге түсті.

Сонымен қатар балабақша әдіскері Ж.Әбдіраманованың ұйымдастыруымен ата-анамен қарым-қатынасты нығайту үшін «Келіндер сайысы», ана тілін насихаттау үшін «Көңілді тапқырлар клубы», мақал-мәтел сайысы, ұлттық спорт бәсекесі, «Мен және менің отбасым» жарысы болып өтті.  Яғни ата-аналар да өз өнерлерін ортаға салды. Мереке кезінде ұстаздар арасында «Үздік тәрбиеші»  сайысы ұйымдастырылды.

Қысқасы, бұл мереке биік деңгейде, өте қызықты болып өтті. Балалар мен ата-аналар қатты қуанды, ұстаздар да бір жасап қалды.

Балаларға барлық жағдайды жасап беріп отырған мекеме құрылтайшысы Қ.Қуатбековаға ата-аналар өз алғыстарын жаудырды.

Г. ӘБЕН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ