Гүлісхан Нахбаева – 5 дүркін чемпион

19.04.2017
Қаралды: 664

Қазақстанның тұңғыш халықаралық дәрежедегі гроссмейстері,  ҚР құрама командасының капитаны Гүлісхан Нахбаева Қазақстан әйелдері арасында өткен біріншіліктердің 5 дүркін чемпионы атанды.

2 – 11-сәуір аралығында Алматы қаласында әйелдер арасындағы Қазақстан біріншілігі болып  өтті. Оған еліміздің 10 шахматшы қызы қатысты, араларында тұңғыш рет 4 гроссмейстер  болды. Осы жарыста Гүлісхан Нахбаева 9 ойыннан 7,5 ұпаймен 1-орынды иеленді.

Бұл жарыста тараздық Мәдина Дәулетбаева 7 ұпаймен 2-ші орынға, алматылық Жансая Әбдімәлік 6,5 ұпаймен  3-орынға ие болды.

Бұл Г.Нахбаеваның бірінші жетістігі емес екені белгілі. Ол кезінде Азияның 3-дүркін чемпионы, Еуразия кубогінің жеңімпазы болған, Бүкіләлемдік олимпиадаларда 4-ші, 6-шы орын, Әлем біріншілігінде 4-ші орын алған. Сондай-ақ Гүлісхан Ошта, Лондонда өткен Халықаралық турнирлердің жеңімпазы 2013-жылы Кипрде өткен Универсиада чемпионы, 2014-жылы Иранда өткен Азия біріншілігінің күміс жүлдегері.

Биіктерден көріне бер, Гүлісхан!

Ж. ЕЛІБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ