Ақпарат

Күлкіге қарық еткен күн

Қаралды: 165

Сонау 1986-жылы өз идеямды иіскеп отырып, «Күлкі жәрмеңкесі» деп атын қойып, Күлкі күніне орай әзіл-сықақ кешін өткізуді ойлаған едім. 

Облыстық мәдениет бас­қармасының сол кездегі басшылығы, қызметкерлері идеямды қолдап, өздері атсалысып, 1986-жылы 1-сәуірде бұрынғы «Машиностроитель» мәдениет сара­йында «Күлкі жәрмеңкесінің» тұсауы кесілген еді. Содан бері мәдениет басқармасы «Күлкі жәрмеңкесін» дәстүрлі түрде өткізіп келеді. 

Биыл да 7-сәуірде киелі Түркістан қаласында халықаралық «Күлкі жәрмеңкесі» фестивалі өтті. Оған Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай әзіл­кештері қатысып, көрер­мендерді күлкіге көмді. Өзіміздің «Шаншар», «Алдараспан», «Шымкент шоу», «Нысана» театрларының әзілкештері де күлкіден «бомба» жарды.

Режиссер, актер, «Шаншаршы» Уәлибек інімнің фестивальге сіңірген еңбегі зор. Мемлекеттік сатира және әзіл-сықақ театрының директоры Қайрат, ОНМЦ директоры Нұрлан, оның орынбасары Берік інілерімнің де бұл салаға сіңген еңбектері өз алдына бір төбе.

Айтпақшы, «Күлкі жәрмең­кесінің» әкесі ғой деп маған да шапан жауып, бағалы сыйлық бергенде төбем театрдың төбесіне «тақ» ете қалды.

Мұхтар ШЕРІМ,

жазушы-сатирик.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру