Ақпарат

Әйгілі Рианна «ЭКСПО»-да ән шырқай ма?

Қаралды: 188

Алдағы жазда Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне әйгілі америкалық әнші, поп-жұлдыз Рианнаның келетіні жөнінде сөз көбейіп тұр. 

«Ол бір сағатқа жетер-жетпес уақыт өнер көрсетеді екен, ақысына 2 миллион доллар төленетін көрінеді», – деп жүргендер бар.

Негізінен мұндай сөздердің шығуына еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында «Астана-Арена» стадионында (оған бір мезгілде 30 мың адам сияды) Рианна өнер көрсетеді деген хабардың жарияланып кетуі себеп болып отыр. Кейін алынып тасталғанымен ол хабар көпшілік арасына тез арада таралып кетті. Дегенмен әзірге Рианнаның келетін-келмейтіні жайында ресми түрде айтылған жоқ. БАҚ өкілдерінің бұған қатысты қойған сауалына орай Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің ондай ақпараттан хабары жоғын айтты, «оны біреулер әдейі таратып жүрген шығар» дегендей пікір білдірді.

Қысқасы, Рианнаның «ЭКСПО»-ға келетіні туралы сөздің рас-өтірігі әзірге белгісіз. Ал оған 2 миллион доллар ақы төленеді екен деген сөз әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың концертін ұйымдастырудан хабары бар азаматтардың сөзінен шыққан болса керек. Яғни ондай жұлдыздар гонорарға 1 – 2 миллион доллар шамасында ақы алатын көрінеді.

Әнші әрі сазгер, оның үстіне актриса, фотомодель, дизайнер Рианнаның байлығы бүгінде 100 миллион доллардан асып отыр деседі.

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру