Ақпарат

Бұдан тура 94 жыл бұрын «Қошқарата сейілі» болған екен

Қаралды: 212

Өткен наурыз айында  Шымкентте  «Сайл Қошқар-ата» мейрамы ұйымдастырылғаны белгілі. 

Бүгінде бұл мейрам қайдан шықты, ол біздің дәстүрімізде бар ма, өзі дәстүрімізге  сай өтті ме деп жүргендер де жоқ емес.  Таяуда мен осы айтулы шара туралы  облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіндегі  мұрағаттан бір мақала кезіктірдім. Төте-араб әрпімен  жазылған бұл мақаланы аударып, оқырман қауымға ұсынуды ұйғардым. Онда былай деп жазылыпты:

«Ақ жол», №287. 

Бейсенбі, 22 март, 1923 жыл. 

Шымкент үйезінен.

Осы март айының 25 күнінен бастап, Шымкент қаласында наурыз мейрамы жасалмақшы. Әр жылы  үйез һәм Сыр халқының дағдысы бойынша апрель айының басында «Қошқар ата сейілі» болмақ керек еді. Сол екі мейрамды бір қылып, биыл сейілді 25 марттан бастап отыр.

Бұл Қошқар ата сейіліне Шымкент, Ташкент һәм Әулиеата үйездерінің адамдары жиналады. Сейіл болатын орын Шымкент стансиясының жанындағы «Қошқар ата» бұлағының басындағы тегіс жерде болып, һәр жылы 200 – 300-дей қазақ үйлері тігіліп, бір аптаға дейін һәр үйде жиналған халық топ-топ  болып тамаша қылып жатады.

Сол бір аптаның ішінде жергілікті халықтың әр түрлі тамаша ойындарының бәрі де істелмек. Осы март айының 20-нан басталмақ болып тұрған оқу апталығынында осы айтылған қос мейрамменен бірге қылып өткізіп,  жиналған халықтан әртүрлі жолмен оқу істеріне бірталай жәрдем жинаймыз деген үміттеміз.

 Үйездің әр бұрышынан келіп, бұл сияқты неше он мыңдаған халық жиналған үлкен үйездегі ел бастығы азаматтар тарапынан халыққа үгіт-насихат айтылмақ.

Осы күнгі шаруашылық істері һәм басқа түрлі ел ішінде екпінді ретте істелмек болып жатқан жұмыстар турасында елді түсіндіріп, ел шаруасының аяққа басып оңдалуына себепкер болмақ.

Жарменов».

Үсен АРЫСТАНОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкері.Бұдан тура 94 жыл бұрын

«Қошқарата сейілі» болған екен

Өткен наурыз айында  Шымкентте  «Сайл Қошқар-ата» мейрамы ұйымдастырылғаны белгілі. Бүгінде бұл мейрам қайдан шықты, ол біздің дәстүрімізде бар ма, өзі дәстүрімізге  сай өтті ме деп жүргендер де жоқ емес.  Таяуда мен осы айтулы шара туралы  облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіндегі  мұрағаттан бір мақала кезіктірдім. Төте-араб әрпімен  жазылған бұл мақаланы аударып, оқырман қауымға ұсынуды ұйғардым. Онда былай деп жазылыпты:

«Ақ жол», №287. 

Бейсенбі, 22 март, 1923 жыл. 

Шымкент үйезінен.

Осы март айының 25 күнінен бастап, Шымкент қаласында наурыз мейрамы жасалмақшы. Әр жылы  үйез һәм Сыр халқының дағдысы бойынша апрель айының басында «Қошқар ата сейілі» болмақ керек еді. Сол екі мейрамды бір қылып, биыл сейілді 25 марттан бастап отыр.

Бұл Қошқар ата сейіліне Шымкент, Ташкент һәм Әулиеата үйездерінің адамдары жиналады. Сейіл болатын орын Шымкент стансиясының жанындағы «Қошқар ата» бұлағының басындағы тегіс жерде болып, һәр жылы 200 – 300-дей қазақ үйлері тігіліп, бір аптаға дейін һәр үйде жиналған халық топ-топ  болып тамаша қылып жатады.

Сол бір аптаның ішінде жергілікті халықтың әр түрлі тамаша ойындарының бәрі де істелмек. Осы март айының 20-нан басталмақ болып тұрған оқу апталығынында осы айтылған қос мейрамменен бірге қылып өткізіп,  жиналған халықтан әртүрлі жолмен оқу істеріне бірталай жәрдем жинаймыз деген үміттеміз.

 Үйездің әр бұрышынан келіп, бұл сияқты неше он мыңдаған халық жиналған үлкен үйездегі ел бастығы азаматтар тарапынан халыққа үгіт-насихат айтылмақ.

Осы күнгі шаруашылық істері һәм басқа түрлі ел ішінде екпінді ретте істелмек болып жатқан жұмыстар турасында елді түсіндіріп, ел шаруасының аяққа басып оңдалуына себепкер болмақ.

Жарменов».

Үсен АРЫСТАНОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкері.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру