Сапарбектің бағын ашар жар керек

12.04.2017
Қаралды: 587

Редакциямыз­ға Сарыағаш ауданындағы Дербісек ауы­лынан хат кел­ді. Хат авторы Тынысбек Сәбденов былай деп жазыпты:

«Мен Дер­бісек ауылында тұратын Сапарбек Тө­ре­құловтың өзі­не жар болатын жан іздеп жүргені туралы газеттеріңізде жазуды өтінемін. Оның жасы қазір 47-де, өзі Дербісекте туып-өскен. Әкелері Досан соғыс ардагері екен 1987-жылы өмірден өтіпті. Олар отбасында 2 ұл, 2 қыз өскен. Аналары Шәрипа үлкен қызының қолында 3 жыл тұрып, 2015-жылы дүние салған.

Сапарбектің өзі 1-класқа барған жылы ауырып, кейін ата-анасы оны мектепке бермей қойыпты. Бүгінде ол үлкен әпкесінің үйінде тұрады.

Сапарбек 2-топ мүгедегі ретінде жәрдемақы алады. Оның жездесі мен әпкесі мектепте жұмыс істейді, үшеуі бір үйде тұрады.

Сапарбек бұрын бір мәрте үйленген. Оның мінезі жуас, арақ ішпейді, темекі шекпейді, ауылдан ешқайда ұзап шықпаған. Сапарбектің өзінен кішілеу жанмен отбасын құрғысы келеді, баласы бар болса да бас тартпайды.

Біз Сапарбектің отбасын құруын қалаймыз. Хатпен бірге сіздерге оның суретін де жолдап отырмын. Үйленсе, ол әпкесінің үйінде тұратын болады. Үй үлкен, бес бөлмелі, газ, су, бау-бақша, барлығы бар».

...Бұл хат редакциямызға келген күні оның авторы да телефон шалып хабарласты. «Жазуды ұмытыппын, Сапарбекпен жездесі Көбейдің 8-702-263-26-10 нөмірлі байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады», – дейді Т.Сәбденов.

Біз оқырман өтінішін орындап, Дербісек ауылының тұрғыны Сапарбек Төреқұловтың жар болар әйел іздейтіні жөнінде жазып отырмыз. Қосымша айтарымыз, Сапарбек Бөгежіл руынан екен.

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!