Ақпарат

Жергілікті полицияны Әбдіғани Сейдуәлиев басқаратын болды

Қаралды: 248

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне қарас­ты жергілікті полиция қызметінің бастығы ауысты. 

Бұл қызметті 2016-жылдың қаңтар айынан бері атқарып келген полковник Абылай Балтабеков лауазымынан босатылды. Облыстың жергілікті полициясын енді полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуәлиев басқаратын болды.

Әбдіғани Сейдуәлиев 1973-жылы туылған. Қазақ Мемлекеттік заң академиясын бітірген. Ішкі істер саласында 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Кезінде Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, аталған басқармаға қарасты жол-патрульдік полициясы полкінің командирі қызметтерін атқарған. 2017-жылдың ақпан айынан бері облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы болып келген.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру