Ақпарат

Ұлу арқылы сұлу бола аласыз

Қаралды: 1980

Қазір қыз-келіншектердің сұлулық салондарына баруы жиілеген кез. Мұндайда салондар да бұрын-соңды болмаған қызмет түрлерін ұсынып жататыны бар. 


Солардың бірі – Шымкенттің Т.Рысқұлов көшесіндегі №60-үйде орналасқан «Vіp-Сұлу» салонында косметикалық мақсаттарға ұлу жәндігі қолданылуда. Біз салон қызметкері Мәдина Кәрібаевамен (суретте) сұхбаттасып, одан бұл жәндіктің қандай қасиеті бар екендігі жөнінде сұрап-білдік.

«Косметикалық қызметтің бұл түрі Алматы мен Астанада дамыған, Шымкентке енді келіп жатыр, – дейді Мәдина. – Қолданылатын жәндік ғылыми тілде «Алып ахатина ұлуы» деп аталады. «Алып» дейтін себебі бұл кәдімгі ұлулардан ірілеу, орташа алғанда денесі 5 – 10 сантиметрді құрайды. Отаны – Африканың шығыс аумағы, бірақ оны бүгінде барлық елдерден кездестіруге болады. Мұны негізінен үй жағдайында өсіреді, косметикада пайдаланады.

Ұлудың бауырынан сілекей бөлінеді, оның құрамында теріні жасартып, жаңартуға пайдалы заттар бар. Осы заттар мен ұлудың баяу қозғалысы теріге жағымды әсер етіп, ондағы қан айналымын жақсартады, сол арқылы бөртпе, безеу, дақ, әжім, тыртықтардың ізсіз жойылуына әсер етеді. Оның май жиналуынан болатын целлюлитке де қарсы шипасы бар.

Бетке ұлуды денесін тазартып, залалсыздандырып барып қоямыз. Бет терісі де алдын-ала тазартылуы керек. Бес-алты ұлу жарты сағатқа қойылады. Олар ақырын жылжи отырып, бауырынан сілекей бөледі. Кейін сілекейді бетке толықтай жағамыз, ол бет терісін «пленка» сияқты жабады. Оның кебуін күтіп, 10 – 15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаймыз. Қызмет ақысы – 1000 теңгеден. Емделуші күн астына шығар кезде бетке оның зиянды сәулесінен қорғайтын крем жағуы керек».

Мәдина осылай дейді. Бұл салонда ұлулардың 20 данасы бар екен. Ал оларды күтіп-баптау аса қиын емес көрінеді.

«Бұларға азыққа сәбіз, шөптер, жасыл салаттар, қияр, алма, банан және басқа да көкөністер, жемістер турап беремін, – дейді Мәдина. – Қияр мен жасыл салаттарды көбірек жейді, өйткені олар шырындылау ғой, оның үстіне құрамында косметикада қажетті витамин, минералдар бар. Тек қышқыл нәрселер бермеу керек. Басқа да сақтық шараларын қолданамын. Денесін таза ұстап, залалсыздандыру мақсатында жиі шомылдырып тұрамын. Тұншықтырып алмас үшін аса мұқият қимылдау керек. Мұның бар күтімі осындай, аса күй талғай бермейді. Тамағы тоқ, ұйқысы тыныш болса, арнайы ыдыстың ішінде алаңсыз жайылып жүре береді».

Біз Мәдинадан осындай жайлар жөнінде білдік. Мәдинаның өзі Сарыағаш ауданындағы Қаратөбе ауылында туып-өскен екен, Шымкенттегі «Отырар» университетінің биология факультетін қызыл дипломмен бітіріпті. Қаладағы бірер балабақшаларда еңбек етіпті. Өзінің косметология саласына ауысу себебі жөнінде ол былай дейді:

«Осыдан біраз бұрын безеу проблемасы мазалағасын түрлі тәсілдерді қолданып көргенмін. Одан ойдағыдай нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде бір кісінің өз үйінде «улиткотерапия» әдісімен емдейтінін естіп, соған барып көріндім. 5 мәрте ұлу қойдырғаннан кейін-ақ бетімнің терісі жақсарды. Сосын менде осындай іспен айналысып көрсем қалай болады деген ой туды. Сол кезде Астанадан бір маман келіп, ниет еткендерді үйретіп, оқытып жүрген екен, сол кісіден дәріс алып, тәжірибеден өттім, арнайы сертификат иелендім. Бұл іске 12-наурыздан бастап кіріскенмін».

...Қысқасы, жұрттың айтып жүрген «улиткотерапиясы» Шымкентке де келіп жетті. Бүгінде «ұлу терапиясынан» өтуші қыз-келіншектердің қатары артып келеді екен.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #2 PENKA THARMA 17.07.2017 16:36
Көптеген қарыздарымның арқасында мен отбасымда қаржылық қиындықтар туындаған кезде 150 мың доллар мөлшерінде бүйректі сатып алуға рахмет Бхавинге госпитальдің госпитальдық индейсі, мен кедейлікті жоюдың шынайы жолдарын іздейтіндер үшін 2 бала бар әйел болу керек. веб-сайтына кіріп, дәрігерге рахмет
Пенка токарасын жақсы бағалаңыз
Дәйек алу
 
 
0 #1 Тазакул 15.05.2017 17:22
Ұлуды залалсыздандыры п тұра ма Бір адамнан екінші адамға ауру таратпай ма?
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру