Ақпарат

Құттықтаймын, досым, туған күніңмен!

Қаралды: 783

Сәуір айының алғаш­қы аптасында Геологтар күні аталып өтетіні белгілі. Осы орайда мен барша геологтарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! 

Сондай-ақ бұл кәсіби мейрам қарсаңында іңгәлап дүние есігін ашқан, осы салада еңбек еткен досым Жәнібекті де төл мерекесімен құттықтап, оның жанұясына, өзіне зор денсаулық, амандық тілеп, оған арнаған өлең жолдарын ұсын­ғанды жөн көрдім.

Болмаса да ғалым ағам Қаныштай,

Жолын қуып келе жатыр жарыспай.

Еңбек етіп келе жатыр бұл Жәкең,

Атағы бар ғалымдардан қалыспай.

 

Қаныш сынды ұлылардан бата алған,

Мамандығын жете біліп, хат алған.

Оңай жігіт емес менің жан досым,

«Ресейдің aкадемигі» атанған.

 

Естімесек білмес едік біз мұны,

Құрбы-достар, ескеріп жүр сіз мұны:

Жалықпастан жер қойнауын зерттеген,

Ол барлаушы – геологтар үздігі.

 

Елге сыйлы, қарапайым болса да

Еңбегі бар халқына еткен қаншама!

Әлі күнге қырықтағы жігіттей,

Бұл Жәнібек жетпіске кеп қалса да.

 

Лайық жан ол осы мына дәуірге,

Ел біледі нашар ма, әлде тәуір ме?

Сол геолог Жәнібектей досымыз –

Туылыпты 1-ші бұл сәуірде.

 

Сәуір осы Геологтар күні екен,

Туылғандар шеттерінен ірі екен.

Ленин туған, ғарышқа ұшқан сол aйда,

Бұл Жәкең де атақтының бірі екен.

 

Құтты болсын, досым, мына жетпісің,

Ақыл айтар кезеңің де кепті шын.

Мерекеңмен құттықтаған өзіңді,

Мына мені aқын досым деп түсін.

 

Қабат туған ұлылармен, ірімен,

Мақтауыма тұратын жан шынымен.

Апрельдің бірі күні туылған,

Құттықтаймын досты туған күнімен!    

Құттықтаушы – Дайрабай ДӘУЛЕТОВ.

Таскешу ауылы. Сайрам ауданы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру