Ақпарат

Шөптен ШИПА дарытатын адам

Қаралды: 657

Шымкентте аузынан Алланы тастамайтын, көптің алғысына бөленіп жүрген өзгеше бір фармацевт-провизор  бар. 

Дендеген дертіне дауа таппай қиналған жандар ол кісіні үйіне іздеп барады екен. Себебі провизор олардағы аурудың негізгі ошағын анықтап, соған сай дәрі дайындап беретінін естідік. Сонда бұл фармацевт әзірлейтін дәрінің ерекшелігі неде? Біз оны Гүлдана Медетованың өзінен сұрадық.

– Шөптен дәрі жасауды қалай үйренген едіңіз? Оларды қайдан аласыз, дәріні қалай жасайсыз?

– Әлемде фармацевтикасы дамыған төрт-ақ мемлекет бар. Керекті емдік шөптерді сол жақтардан алдыртамын. Дәріні содан жасаймын.  Шөптерге тапсырыс бере отырып мен сондағы АҚШ-та, Францияда оқыған, тәжірибесі мен білімі жоғары мамандардан кеңес алып, пікір алмасып тұрамын.

Фармакогнозия деген ілім бар. Ол – бүкіл шөптер ілімі: олар қалай өседі, тамыры, сабағы, күлтесі ағзаға қалай әсер етеді, соны зерттейтін сала. Одан бөлек, 19 химияны терең­детіп оқып шықтым. Дәрі­лердің құрамы, да­йындау технологиясы, қан­ша мөл­шерде, қалай жасалып, сақталуы тиіс, бәрін тә­жірибеден өткіздім.

– Науқастар сізге медициналық қорытындысын ала келуі керек пе?

– Міндетті емес. Өйт­кені мен қан алып, құрамын тексеріп, укол салып ем­демеймін. Адам өзінің қай жері, қалай және қа­шаннан ауыратынын айтса, ары қарай сол аурудың себеп­тері қайда жатыр, оны өзім-ақ түсіне қоямын. Науқастардың емнің арасын үз­бей, аяғына дейін жет­кі­зуін талап етемін. Кез келген ауруда мен беретін дәріні кемі 3 ай қабылдау керек. 6 айға созылатындары да бар. Бірақ менің тәжірибемде 1 жыл ішесің дегендердің 3 айда, 5-6 айда тәуір болып кеткендері көп. Өйткені әр адамның ағ­засы, иммунитеті әртүрлі болады: біреуде ем баяу жүреді, біреу тез қа­был­дайды. Сөйтіп 3 ай орнына 1,5 айда тәуір болатындар бар. Сонда да профилактика үшін тағы бір ай қолданып жібер­гендері тіпті жақсы. Ол мен үшін емес, өзінің денсаулығы үшін керек.

Көпшілігімізде жаңа бас­тал­ған ауруды елемей жүре беретін әдет бар. Ал бір жерде басталған ауру екін­шісін, ол үшіншісін жетелеп кете береді ғой. Арада 3-4 жыл өткенде ауру асқынып, осылай адам бір­неше диагнозды арқалап шыға келеді. Осының бәрінен емделу кезінде ағзада зат алмасу, қан құ­рамының қалпына келуі, гормондар, фер­мент­тер  тү­зілуі сияқты аса күр­делі процестер жүреді.

– Сізді бауыр циррозын емдеді дегенді естідік...

– Цирроз көбіне гепатиттен бастау алады. Ал гепатитке қарсы вакцина жоқ. Адамдар тіс жұлдыру, протез қойдыру, маникюр, педикюр жасату кезінде осы вирусты жұқтырып алғанын білмей қалады. Бұл ауру жарты жыл­ға дейін жасырын кезеңде өтеді, яғни ауру мүлде сезілмейді. Ал қанға вирус түсті ме, ол бауыр клеткаларын бүл­діреді. Бірақ онда жүйке талшықтары жоқ, сол себепті адам оның ауырғанын сезбейді.

Бауыр бүлінсе, өт дұ­рыс жүр­мейді. Өт дұрыс жұмыс істемеген соң ас­қазан асты дұрыс қорытпайды. Одан іш қа­та­ды, сосын ішектер уланады, ол геморройға соқтырады, 7-8 жылдан кейін цирроз бас­талады.

Былтыр болған бір жағдайды айтайын. Оңтүстік­тің бір ауданынан жас жігіт келді. Бала кезде сары кеселмен ауырған, кейін әс­кер­ден оралған соң спирт­тік ішімдіктен біраз сілтеп жіберген екен. Содан цирроз басталған. Анасы қан құсып жатыр деп жылады. Дәріні әзірлеп, ішу тәртібін түсіндірдім. Бір жылдан астам уақыт арасын үзбей іш дегенмін, 7,5 айда жақсы болды. Қазір мереке сайын құттықтап, «Балаңыздың тойында қызмет етемін» деп қояды.

– Бүгінде ауру түрлерінің кө­бею себебі неде деп ойлайсыз?

– Себебі көп. Соның бірін түсінді­рейін. Ба­яғыда пенициллин, ампи­циллинмен тәуір болатынбыз. Қазір қит етсе ауыр антибиотик беріледі. Зиянды бактериямен қоса керекті бактерияны да өлтіретін ол ішек жолдарының микрофлорасын бұзады. Ал ішек микрофлорасы дегеніміз – адам­ға қа­жетті бактериялардың ошағы. Кез келген ауруға қарсы тұра білетін имму­нитеттің 70 па­йызын дайындайтын – осы ішектер. Ондағы микрофлора бұзыл­ған соң иммунитет төмен­дейді. Содан ағзада ауру көбейеді. Се­бебі кез келген адамның қанында түрлі аурудың қоз­дырғыштары ұйықтап жатады. Иммунитет әлсі­регенде олар бас көтереді. Онкология, туберкулез, жыныстық инфекциялар, тіп­ті тыныс жолының аурулары да содан өршиді.

Бұл антибиотикті мүл­де қабылдама деген сөз емес. Дәрігер антибиотик тағайындады ма, оны тура айтқан уақытында және дәл сонша күн қабылдау керек.

– Дәрігерден ем таппағандардың сіздің арқаңызда тәуір болып кететін сырын немен түсіндірер едіңіз?

– Дәрігерлердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Өмірде дәрігерден де, фитотерапиядан да емес, құраннан ем тапқандарды да кездестіріп жатамыз. Яғни әр нәрсенің өз емі бар. Қай нәрсеге де Алла өзі себепші болады. Сондықтан әріп­тестерім жайлы артық сын айтудан аулақпын. Ал өзіме келер болсам, мен аурудың негізгі ошағын – бастапқы шығу себебін емдеуге тырысамын. Ошағын дәл анықтаса, емделмейтін ауру жоқ.

– Сонда сіз қандай ауруларға қарсы дәрі да­йындайсыз?

– Бөліп-жармаймын. Маған асқазан-ішек жолдары, асқазандағы жа­ра, бүйрек, бауыр, қан қысымы, тұз жиналу, мастопатия, бел­сіздік, киста, эрозия, суықтан қабыну, аденома, простатит, жыныстық қа­білет­тің тө­мендеуі, ұрық әл­сіз­дігі, геморрой, омыртқа аурулары, қолтық тер­шең­дігі, бас сақинасы, аяқ-қолдың қақсауы, аллергия, сүйел, артрит, артрозбен ауыратындар да келеді. Әрбір адам­ға аурудың себебін тереңнен түсін­діре отырып, дәріні уақтылы ішуді тапсырамын.  Әйтпесе ауы­рып тұрса да дәріні қабылдау ережесін сақтамайтын адамдар көп. Мені осы қынжылтады. Рас, кейде шаршаймын. Дегенмен бір кездерде қатты ауырып келген адам араға уақыт салып алғыс айтып хабарлас­қанда шаршағаныңды ұмытып кетеді екенсің. Олар маған алғыс айтса, мен әкеме алғыс айтамын. Жарықтық әкем кезінде: «Қызым, медицина дамымаған заманның өзін­де сенің нағашы әжең шөп­пен адам емдеген. Қа­сиет қанмен беріледі. Мүмкін сен кейін шөптен өзің дәрі жасайтын шығарсың», – деп жетелеп жүріп осы оқуға түсіріп еді. Әкем көреген екен ғой деп ойлаймын қазір. Фармацевтиканы оқығаныма өкін­беймін.

Сұхбаттасқан – Р. ОРДАБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #2 Гүлнұо 10.07.2017 05:46
Гүлдана медетованың адресін қандай?
Дәйек алу
 
 
0 #1 ГҮЛНҰР 30.04.2017 09:55
ГҮЛДАНА Медетоваға қалай хабарлассам болады
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру