Ақпарат

Сары әулиенің кіші жары қыз туды

Қаралды: 492

Жұртшылыққа «Сары әулие» деген атпен белгілі емші Марат қажы Есенбаевтың осыдан екі жыл бұрын 18 жастағы Гүлияр есімді қызға шариғат жолымен үйленгені жалпақ жұртқа белгілі. Біз бұл жөнінде кезінде газетімізде хабарлағанбыз.

Таяуда әйгілі емшінің отбасында қыз баланың өмірге келгені туралы естідік. Яғни Сары әулиенің ең жас әйелі Гүлияр Алматының орталық перзент­ханасында босаныпты. Дүние есігін ашқан  нәрестеге Султана деген ат қойылыпты.

Сәбиге мұндай есімді емшінің үйінде қызметте жүрген кіндік шешесі Гүлбайрам қойған екен. Яғни бұл есім нәресте ханшайымдай көркіне ақылы сай қыз болып өссін деген ниетпен қойылған. Сары әулиенің айтуынша, Султана – дініміз Исламдағы ұлдарға –  Мүслім, Әзиз, қыздарға – Мүслима, Әзиза деп ат қойылатыны сияқты Сұлтан есіміне ұқсастырылып қойылған ат.

...Сары әулиенің жасы қазір 54-те. Ең кіші жары Гүлияр одан 34 жас кіші. Жаңылмасақ, Сары әулиенің мұсылмандық жолмен некелескен бір әйелі Атырауда тұрады, тағы біреуі – Алматының тұрғыны, қажының олардан 5 ұл, 4 қызы бар.

Жалпы, жұртшылықтың Марат қажының жеке өмірі туралы ғана емес, емшілік жұмысы жөнінде де көбірек білгісі келетіні анық. Сондықтан сұрақтар қоймақ ниетпен бірнеше мәрте телефон шалған едік, бірақ ол кісі тұтқаны көтермеді. Мүмкін жас әйелін перзентханадан шығарып, жағдайын жасау қамымен қолы босамай жүрген болар деп ол кісіні бұдан әрі мазаламауды жөн көрдік.

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру