Ақпарат

Қара сумен-ақ аурудан айықтырады

Қаралды: 2961

Атырау облысының Мақат кентінде Майра Төленова есімді апай тұрады. Батыс өңіріндегі оқырмандар оны «Қара суға жан бітіретін адам» деп атайды. 

Өйткені Майра Нәзірбайқызы жылдарға жалғаса жазылмай жүрген жараны суға дем салу арқылы аз уақытта кетіре алатын көрінеді. Ауыр халде ауруханада жатқан адамның есін жинап, еңсесін көтеріп, тезірек сауығуына да жәрдемдескені жұрт аузында. Сонда М.Нәзірбайқызы науқастарды қалай емдейді? Біз мұны емшінің өзінен сұрадық.

– Мазасы қашып, жан не тән азабына түскен адамға мен емес, «Фатиха», «Ықылас», «Нас», «Аятүл күрсі» сүрелерінен болатын шипа көмектеседі. Яғни, бұл құранның қасиеті. Сосын ең соңынан оқи­тын бір сүре бар. Оның қалай аталатынын білмеймін. Іздес­тіргенмен, еш жерден таба алмадым. Бірақ бұл сүре есін жинай алмай жатқан ауыр науқастарға да күш беретінін білемін.

– Еш жерден кездестірмеген болсаңыз, ол сүрені қайдан үйрендіңіз?

– Он бес жылға жуық уақыт түсініксіз бір тылсым дертпен күресіп, диагнозы анықталмайтын ауру азабын арқалап жүргенімде «мойындамасаң, өзің майып боласың» деп бір кісі жолға салып еді. Сол күннен бастап күндіз-түні құлағымнан құран дауысы кетпей, осы сүрелерді жаттап алдым. Әйтпесе әлі күнге арабша әріп танымаймын. Алдыма адам келгенде де қай сүрені қанша рет оқу керектігі ғайыптан санама құйылады, мен соны орындаймын.

– Алғашқы еғмделушіңіз есіңізде ме? Емдеуді қалай бастадыңыз?

– Менің жағдайымды көршіміздегі әже байқап жүр екен, бір күні: «Аяқтарым қақсап, басым балтамен соққандай сансыратып барады. Мен сенің жолыңды ашайын, сен мені емдеп бер!» демесі бар ма? Құлағыма өздігінен құйылған құран үнін қайталап, үш күн қатарынан дем салдым. Бір құдірет санама суға дем салу керек дегенді ұқтырды. Соны істедім. Әлгі апа содан тәуір болып кетті. Оны естіп алыс-жақын төңіректен ауырған адамдар іздеп келе бастады. «Мен емші емеспін, мұндайды түсінбеймін» деп қайтарып жіберсем өзім қатты ауырып қаламын. Ал емдеуге бекінсем кімнің қай жері ауыратынын да сезе қоямын. Шаншып ауыра ма, бүріп тұрады ма, әлде шымырлай ма, соған дейін маған анық сезіледі.

– Сізге емделушілерді көбіне не мазалайды?

– Жазылмай жүрген жарасы бар адамдар көп келеді. Сосын жас балаларды көп қарадым. Жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан туыстарының суретін әкелетіндер бар. Мен көріпкел емеспін, бірақ суретке қарағанда ол адамға не болғанын түсініп, қашықтан да ем жүргізуіме тура келеді. Ем қонбай жатқан адамды аудандағы дәрігерлердің өзі маған сілтейтін кездері де болды. Түсік тастап қоя беретін келін­шектерден алған алғысым қанша? Сынық салмаймын, жұқпалы ауруларға көмектесе алмаймын. Келе алмаған адамның суреті мен суға дем салып беремін. Сол суды ішіп жүрсе жазылып кетеді.

...Арадағы аз-кем сұхбаттан біз М.Нәзірбайқызының «Қара суға жан бітірген апай» атануының сыры осында екенін ұқтық. Жиырма жылға жуық тәжірибесінде жүздеген адамның алғысын алған ол өте қарапайым жан екен. Ол кісіні іздегендер 8-701-337-08-60 телефонына хабарласа алады. Ал оқырманға ескертетініміз: бұл мақаламызда біз ешкімді жарнамалап отырған жоқпыз. Тек ел ішінде осындай ерекше жандар барын біле жүріңіздер демекпіз.

А. МҰХАММЕД.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру