Ақпарат

Сіз Эльвира Ерғалинаны білесіз бе?

Қаралды: 773

Бүгінде әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы, танымал блогер Эльвира Ерғалинаны көпшілік жұрт жақсы таниды. 

Оның қазіргі өнер жұлдыздарымен жүргізген қысқа да нұсқа бейне-сұхбаттары шынайылығымен ерекшеленеді. 8-наурыз мерекесі қарсаңында Эльвира Астана қалалық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Өткен аптада сәті түсіп, біз Эльвираның өзімен сұхбаттасқан едік.

– Эльвира, сіздің жерле­сіміз екеніңізді білеміз. Сізді оқырмандарымызға кеңірек таныстырғымыз келеді. Қандай отбасында өскен едіңіз?

– Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге кел­генмін. Туған әке-шешемді «аға», «жеңге» деп атап, атам мен әжемнің қолында өстім. Әке-шешем қалада тұрады, ал атам мен әжем бүгінде марқұм болған, жандары жәннатта болсын! Мектепті Төрткүлде бітіріп, кейін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің филология факуль­тетінде оқыдым. Оқуды бітір­гесін Алматыда үш жылдай жұмыс істеп, Астанаға қоныс аудардым. Қазір мұнда тұрып жатқаныма төрт жылдай уақыт болды, өз ортамды тауып, үйреніп кеттім деп ойлаймын.

– Жаңа қызметке қабылданыпсыз, құтты болсын!

– Иә. Астана қаласындағы мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы қызметіне келдім. Журналис­тика саласы да, өнер саласы да маған жақсы таныс. Қанша уақыт бойы жинақ­таған тәжірибелерімді осы жұмысымда қолданып жүрмін. Жұмысым әзірге  аса қиындық тудырып жатқан жоқ. Айналаммен танысып, жұмысыма бейімделіп, адаптациядан өтіп, ойға алған жоспарларымды іске асыруға ақырындап кірісіп жат­қан жайым бар. Қызметке тұрса, бұған қалай келіп қалды екен деп ойлайтындар да кездесіп қалады. Бірақ мен осы күнге дейін біреулерден көмек сұрап жұмысқа тұрып көрмеген екенмін. Ондай адам болсам, баяғыда бір орында қалып кеткен болар едім.  Өзім жолым болғыш, сәтті­лікті серік еткен жанмын. Жаңа істерді атқарып, тәуе­кел етуге қорықпаймын. Үнемі дамуға, жаңа бағыттарда жұмыс істеуге тырысамын. Бір жерде жұмыс істеп, оның қыр-сырын әбден меңгеріп алғаннан кейін тынысым тарылып, одан да кеңірек жерде жұмыс істегім келіп тұрады. Бұл қызметке де ешқандай таныс арқылы келген жоқпын. Өзім мәдениеттанушымын, Еуразия Ұлттық университетінде магистратурада оқып жатырмын. Биыл диссертация қорғап, диплом алуым керек. Жұмыс беруші осы қызметті атқара алатыныма сенді және мен де өзімнің атқара алатыныма сенімді болдым. 

– «Айқаракөз» атты сайтыңызды сатыпсыз. Құпия болмаса, қаншаға саттыңыз?

– Әлі күнге жұмыс істеп тұрғанда биыл бұл сайттың ашылғанына 5 жылға жуық уақыт болып қалады екен. Қызы­ғушылығым артып, алып-­ұшып тұрған кезде жүргіз­дім, біраз жерге дейін алып бардым. Одан кейін менің қызығушылығым бас­қа нәрселерге қарай ауып кетті де, сайттың материалдарын жаңартпай қойдым. Сөйтіп екі жылдай тұрды, сол кезде сайт­тың жұмысына қызығып, оны сұраған адамдар болды. Сайт оқырмандарына обал болмасын, еңбек еш кетпесін деп оны сатуды жөн көрдім. Бірақ бағасы құпия болып қала берсін.

– «Фейсбукттегі» парақ­шаңыздағы «Күйеу керек» деген плакат ұстап түскен суретіңіз жайлы айтып берсеңіз...

– Иә, бұл сурет жайлы айтып келе жатқаныма қаншама уақыт болды. Әлі де айта беремін. Шамамен үш жылдай болып қалды бұл суретке. Ол кезде мен «7-ші арнада» жұмыс істей­тінмін. «Кім білген?» деген бағдарламаның редакторымын. Неше түрлі экспери­ментті бағдарламаларды түсі­ретінбіз. Шашымды қызыл­ға бояған, көрге жиырма минут жатып көрген, қа­йыршы болып жолда ақша сұраған да кездерім болды. Сол кезде біз қыз бен жі­гіт­тің танысуы, үйлену, күйеуге шығу туралы тақырыпта сюжет түсіргенбіз. Мен сюжетке қатыс­қан жоқпын. Бірақ біткеннен кейін қызық үшін осы сюжетке қолданылған «Күйеу керек» деген плакатты ұстап суретке түсе салғанмын. Сөйтіп «Фейсбукке» жариялап жібердім. Өте қызық пікірлер болды. Пікір білдірушілердің тең жартысы жеке басыма тиісіп, балағаттаса, тең жартысы батылдығыма сүйсінді.  Бірақ осы сурет соншалықты ха­лық­тың талқысына түседі және осынша уақыт бойы алдымнан кездесе береді деп ойламаппын. Әлі күнге дейін осы суретке неге түстің деп сұрайтындар, осы суретке қатысты қызығушылық білдіретіндер кездеседі. Бірақ ол кезде мен шындап күйеу іздеген жоқ едім. Енді, Алла қаласа, күйеуге шығып, ақ көйлек киген кезімде «Күйеу таптым» деген плакат ұстап суретке түсетін шығармын деп ойлаймын. 

– Қолөнер шебері екен­сіз, оны қайдан, қалай үйренген едіңіз?

– Иә, қолөнермен де айналысамын. Оны әжемнен  үйрендім десем болады. Ол кісі мені бүкіл үй шаруасын атқаруға тәрби­­е­леді. Ойнап жүрген жерім­нен әкеліп, тірлік істетуші еді. Ол кезде мен жылап жүрсем, қазір тек ал­ғыс айтамын. Әжем құрақ құрайтын, маған әдемі көйлектер тігіп беретін, тоқыма тоқитын, сол өнері маған дарыды ғой деймін. Алматыда жүргенде бастадым, қазір де тоқтатқан емеспін. Қолым қалт етсе, қолөнерге жүгі­ремін. Қалыңдықтың әшекей­лерін, «коронасын», диадема, авадок, сырға, браслеттер жасадым. Қазір қыс мезгілінде менде ассоциация, қармен тоқыма сәйкес секілденіп тұрады да, мен қыста неше түрлі бас киім­дер, шапкалар, шарфтар тоқимын.

– Күйеуге шығуды қа­шан­ға жоспарлап жүрсіз? Кандидаттар бар ма?

– Негізі адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады  ғой. Қызығушылық танытатын да, көңілін білдіріп жүрген де жігіттер бар. Бірақ мен байқау жариялап, олардың арасынан күйеу болатын жігіт таңдап жүрген жоқпын. Дегенмен осы көп жігіттердің арасында Алла бұйыртқан біреуіне күйеуге шығатын шығармын. Былтырғы жылы өз-өзіме есеп берген кезімде 2017-жылдан қалмай күйеуге шыға­йыншы деп ойлағанмын. Бірақ бұйырғанын көрерміз.

– Арнайы уақыт бөліп, сұх­бат бергеніңізге көп рахмет, еңбегіңіз жана берсін!

Сұхбаттасқан – Г. СҰЛТАН.Сіз Эльвира Ерғалинаны білесіз бе?

Бүгінде әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы, танымал блогер Эльвира Ерғалинаны көпшілік жұрт жақсы таниды. Оның қазіргі өнер жұлдыздарымен жүргізген қысқа да нұсқа бейне-сұхбаттары шынайылығымен ерекшеленеді. 8-наурыз мерекесі қарсаңында Эльвира Астана қалалық мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Өткен аптада сәті түсіп, біз Эльвираның өзімен сұхбаттасқан едік.

Сұхбаттасқан – Г. СҰЛТАН.

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру