Әріптесіміз, белгілі журналист-жазушы Жеңіс Баһадүрдің «Үңгірден шыққан адам» атты кітабы жарық көрді.
Оған жазушының кезінде мерзімді басылымдарда жарияланған, бұрынғы кітаптарынан алынған және кейінгі жылдары жазылған 50-ге тарта әңгімелері, новеллалары және хикаяттары топтастырылған.
Жазушының бұл туындылары алуан-алуан тақырыптарды қамтиды, онда кейіпкерлердің тыныс-тіршілігі, олардың жан-дүниесіндегі түрлі жайларға қатысты туындаған құбылыстар шебер суреттеледі. Табиғат туралы толғаныстары адамды қоршаған ортаға қамқор болып, оны сақтауға үндейді.
Біз кітап авторына қайратыңыз мұқалмасын, қаламыңыз талмасын деген тілек білдіреміз.
Р. ҚЫДЫР.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!