Ақпарат

Қуаныш Төлеметұлын еске алуға арналды

Қаралды: 306

Бұл турнирге 12 команда қатысып, өзара кездесулер өткізді. Өз тобынан мықты болған Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының командалары ақтық финалда кездесті. Бұл сайыста алматылықтардың жолы болды.

Ал қола медаль үшін өткен кездесуде облыстық №2 олимпиада мектебінің ізбасарлары Тараздан келген волейболшыларды айқын басымдықпен ұтты.

Бұл республикалық турнирдің жеңімпаздары мынадай жүлделер иеленді: 1-орын – Алматы облысы, 300 мың теңге, 2-орын – Оңтүстік Қазақстан облысы, 200 мың теңге, 3-орын – ОКСДЮСШОР №2, 100 мың теңге, 4-орын – Тараз қаласы, 80 мың теңге.

Жеке номинациялар бойынша мына азаматтар марапатталды: Үздік ойыншы – Алдаш Нұрдос (ОҚО №2 ОРМБЖСМ), үздік шабуылшы – Болат Сәбит (Алматы, Талдықорған), үздік қорғаушы – Жасур Мырзадәулетов (ОҚО, Сайрам), үздік байланыстырушы – Нұрлыбек Нұрмаханбетов (Жамбыл, Тараз). Ал үздік жаттықтырушы деп Кәрім Рахимкулов (Өзбекстан) танылды.

Жеңімпаздарды Қуаныш ағамыздың жары Күләш апай, шәкірттері Боран Төлеев, Қайрат Ағабаев, достары атынан Ермек Келдібеков, Жақып Биданов және жарысты өткізуші Нұрмахан Мелдехановтар құттықтады.

І.ЖОЛДАС.

Суретті түсірген – А.МЫРЗАХМЕТОВ.

Пікір қалдыру