Ақпарат

«Қазақты жамандағандардың тұмсығын бұзуға дайынмын», – дейді Иоганн Шмидт

Қаралды: 1310

Таяуда  әлеуметтік желілерде германиялық Иоганн Шмидт есімді азаматтың бейнежазбасы жарияланды. 

Ол бұрын Қазақстанда тұрған екен, кейбіреулердің қазақты артта қалған, қараңғы, надан ұлт деп кемсіткен сөздерін естісе керек, бейнежазбаны соларға жауап ретінде жариялапты. Ол қазақ ұлты жайында бұлай деуге болмайтынын, өзінің қазақтарды қатты қадірлейтінін қызына отырып жеткізген.

«Біздің аман қалғанымыз үшін, кезінде депортацияға ұшырап, Қазақстанға жер аударылғанда тірі қалған ата-аналарымыз үшін қазақтар­ға алғыс айтамын, – дейді И.Шмидт. – Сендерге қазаққа жету қайда?

Мынадай болған: Менің аталарымды фашистер сияқты аямай қарлы далаға әкеліп тастаған, ал қазақтар оларды үйлеріне кіргізіп, паналатқан, бір жапырақ нанға дейін бөліскен. Балаларды тәрбиелеп өсірген. Сендер кез келген шешен, татар, Балтық бойы ұлтының өкілімен сөйлесіңдер, Қазақстанға тап болғандардың 90 пайызы тірі қалғанын айтады.

Мен сібірлік, украиналық немістерді білемін. Біздің қазақстандық немістер – ең қонақжай, ақжүрек, мейірімді жандар. Біз мұның бәрін қазақтардан үйренгенбіз.

Қазақтар – жақсы халық, олар барлық ұлттардың жағ­да­йын жасайды, олармен сыйласады, дамуына мүмкін­дік береді. Олар – мықты халық, бірақ бәзбіреулер секілді біз ұлы халықпыз деп көкірек кермейді.

Қазақтарды қараңғы, на­дан деуге болмайды. Өз басым қазақтың намысына тиіп, кемсіткендердің тұмсығын бұзар едім».

Осылай деген германиялық азамат бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан неміс­тер­дің тұрмыс-тіршілігінен бей­нежазба көрсетті, олар­ға жақсы жағдай жасап отырғаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Ресейдегі неміс елді мекенінен түсі­рілген жазбаны көрсете отырып, ол жақтағылардың тұр­мы­сы қазақстандық неміс­тердікінен әлдеқайда төмен екенін салыстырып тұрып айтты. Сондай-ақ Украинада неміс елді мекендерінің ізі де қалмағанын, өздеріне де, өзгеге де тыныштық бере алмай отырғанын жет­кізді.

«Мен қазақпын, қазақ екенімді мақтан тұтамын. Әлдеқандай жағдай туып, Қазақстанға оралар болсам, онда мен үшін бір жапырақ нан табылатынына, мені құтқаратынына көзім жетеді.

1-наурыз – Қазақтар мен Қазақстан халқына алғыс айту күні. Мұны депортацияға ұшы­рағандар белгілеген. Сіз­дер­дің елдеріңізде осындай бар ма? Ондай жоқ. Бұл тек Қазақстанда ғана бар. Өйткені қазақтар – нағыз кеңпейіл, ақжүрек халық», – дейді неміс азаматы.

 

Талайларды толғандырды

Иоганн Шмидт­тің бұл бейнежазбасын бірер күннің ішінде ғана еліміздегі мыңдаған адамдар көріп, әртүрлі ұлт өкіл­дері тыңдап, өз пікірлерін білдірді. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынуды ұй­ғар­дық.

Дядя Женя: – Сен нағыз қазақсың! Сені өте сыйлаймын! Біздің ауылда 40 па­йыздай немістер тұрды, өзде­рі өте еңбекқор, бәрі де қазақша сөйлейтін. Оларды өте сыйлайтынбыз. Дауберт­тер отбасы көшкенде бәрі жылады, менің әпкем де жылады, олар отбасымен ара­­ласатын еді.

Рудольф Гергардт: – Біз, қазақстандық немістер Қазақстанды сүйеміз, бағалаймыз, қадірлейміз. Мұнда адамды ұлтына қарап емес, адамдық қасиетіне қарап ажыратады. Құдай Отанымыздың гүлдене беруіне жазсын! Немістер мен қазақтар – мәңгілік бауырлар! Біз өзіміздің бастан өткерген азаптарды ұмытпаймыз, туысқан қазақ халқының қонақжайлығын әрқашан есте сақтаймыз.

Ranay Zhuban: – Неге адамдар сыйласып өмір сүрмейді? Езілген еңсем көтеріліп қалды. Жақсы сөз – жарым ырыс.

Андрей: – Автордың сөз­деріне қосыламын. Мен де Қазақстанда туып-өскен­мін. Қазақстанды тек жақсы жағынан еске аламын. Бала кезімізде қазақ достарымыздың үйіне топырлай кіріп баратынбыз, сонда ешкімді бөліп-жармай, тойындырушы еді. Қазақтар туралы бұрын­ғы КСРО халықтарының ішіндегі ең мықты, лайықты ұлттың бірегейі деп айта аламын.

Максим Соколов: – Мен қазақстандық полякпын. Сіз­бен 100 пайыз келісемін! Қазақтар – өте бейбіт, қо­нақ­жай халық. Өзімнің ал­ғысымды білдіремін.

Мария: – Әрбір сөзіңізге қосыламын. Мен де Қазақстанда тұрғанмын. Барлық қазақтарға рахмет! Мен сіз­дер­ді жақсы көремін және ешқашан ұмытпаймын!

...Қысқасы, жұрт қазақтарды өте лайықты, қайырым­ды ұлт деп жатыр. Ендеше, «жақсы» деген атқа лайық бола білейік, ағайын, тек жақсы жағынан көріне бере­йікші!

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Бек 03.03.2017 19:52
Бiз Қазақ осындаймыз!
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру