Ақпарат

ЖСДП-да жаңалықтар болып жатыр

Қаралды: 803

Биыл Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өмірге келгеніне 10 жыл толды. Кезінде белсенді түрде әрекет еткен партияның соңғы кездері жұмысы тоқырап, 

тіпті қожырап кеткендей еді. Енді ол іске жаңа серпінмен кірісетінге ұқсайды. Бұл жөнінде партияның таяуда Алматыда өткен ХІІІ съезінде ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай мәлімдеді.

«Жаңа тәсілдер, жаңа стратегия, тактикалар қажет, позицияны өзгерту керек. Елімізде қалыптасып отырған саяси ахуалға қатысты бүгінгі, болашақтағы жұмыс­тарға жоспар жасалады. Партиямыздың Президиумын құрып отырмыз, сондай-ақ партияның түрлі бағыттағы жұмыстарын жүргізу үшін төрағаның бірнеше орынбасарларын сайладық», – деді Ж.Тұяқбай.

Аталған съезде белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Зәуреш Батталова ЖСДП Президиумының төрайымы болып сайланды. З.Батталоваға партияның атқару-ұйымдастыру бағытындағы міндеттері жүктеліп отыр.

Зәуреш Қабылбекқызы Батталова 1961-жылы Семей облысында өмірге келген. Кезінде түрлі органдарда жауапты қызметтер атқарған. 1999 – 2005-жылдар аралығында Парламент Сенатының депутаты болған. Бүгінде «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» президенті қызметін атқарып жүр.

...Қысқасы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жұмысқа жаңа серпінмен кірісетінін мәлім етті. Енді ол еліміздегі  қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табыла ала ма? Мұны уақыт көрсетеді.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру