Ақпарат

Әуелхан Тұрғымбеков – облыс әкімінің аппарат басшысы

Қаралды: 525

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды. Бұл қызметті Әуелхан Тұрғымбеков атқаратын болды.

Ә.Тұрғымбековтің кезінде облысымыздың Төлеби, Шардара, Сайрам аудандарының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болғаны белгілі. Ол  2016-жылдың тамыз айынан бері Түлкібас ауданының әкімі қызметін атқарып келген еді.

Әуелхан Тұрғымбеков облыс әкімінің аппарат басшысы лауазымына осымен екінші мәрте таға­йындалып отыр. Ол кісі бұл қызметті 2002 – 2006-жылдар аралығында да атқарған болатын.

Біз Әуелхан Елтайұлының жаңа қызметте де абыройлы бола беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру