Ақпарат

Әжейдің батасын алды

Қаралды: 544

Төлеби аудандық жастар ресурстық орталығы  бүгінде көптеген ізгі істерге бастамашы болып жүр. Осындай жұмыс­тардың бірі кешегі аптада атқарылды.

Ресурстық орталық жастары Қоғамдық келісім ұйымының аудандық филиалымен бірлесе отырып, сауапты іс-шара өткізді. Ленгір қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Капустинаның үйіне барып, ол кісінің шаруашылық жұмыстарына жәрдемдесті, ауласын қардан тазартып берді. Бұған қатты риза болған Алексан­дра әжей жастарға жүрекжарды алғысын білдірді.

Мұндай ізгі істер алдағы уақыттарда да жалғасын таба бермек.

«Төлеби Жастар ресурстық орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру