Ақпарат

Тістің құрттағанын кетіретін тамшы Шымкентте де бар

Қаралды: 2611

«Ауырмаңыз!» газетінің өткен жылғы 23-ші нөмірінде  бүлінген тіске тамызса, эмальды бір ай ішінде табиғи қалпына келтіретін дәрі жайлы жазылған еді. 

Оны қайдан табуға болады? Бағасы қанша? Бұл сұрақтарды біз оны өндіруші «ІnnoDent» ЖШС-інің директоры Бауыржан Айтуовқа (суретте) қойған едік.

Бір тіске – бір тамшы

– Бауыржан Әбдіғалиұлы, «Іnno­Dent» жайлы кеңірек айтып бе­рі­ңізші. Оның ерекшелігі неде?

– Барлығымыз білетіндей, тіс жегі пайда болғаннан кейін тістің табиғи құрылымын қайтадан қалпына кел­тіру мүмкін емес. Стоматологтар оны тек уақытша тоқтатады немесе зақымданған аудандарды алып тастап, пломбамен жабады. Ал біз шы­ғарып отырған дәрінің ерекшелігі сол – оның бір тамшысы сілекейдегі минералдар арқылы тістің табиғи құрылымын қалпына келтіреді. Яғни адамда жаңадан, өздігінен тіс эмалі пайда болады. Тістің бүлінуіне қарай оған 1–3 ай шамасында уақыт кетеді. Яғни тісті «бұрғылаудың» керегі жоқ.

«ІnnoDent» – бұл биосәйкестігі жоғары табиғи ақуыз. Қолдану ерек­ше­лік­теріне орай оны имплант деп атай­мыз. «ІnnoDent» сауда таңбасының активті компоненті – амелогенин протеиннің табиғи баламасы. Бұл  эмальдің құрылуындағы негізгі рөл атқаратын нәрсе – адам ақуызы. Адамның өсіп-даму ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан тісте аме­логенин болмайды. Сондықтан тістің өздігінен қалпына келуі мүмкін емес. Ал «ІnnoDent» препараты құр­сақтағы нәресте кезінде адамның ағзасында өтетін табиғи процесті қайта жаңғыртады. Сонда бұзылған эмаль 1 айдың ішінде барлық морфо-физиологиялық қасиеттеріне сәйкес қалпына келеді.

– Бұл препарат қашаннан қолданыста? Арнайы тіркелген бе?

– «ІnnoDent» тіс емханаларына 2016 жылдан бастап қолданысқа ен­гізіле бастады. Қазіргі таңда үш елде – Қазақстан, Ресей, Украинада 100-ден аса тіс емханалары тіс жегісін осы препарат арқылы емдеуді қолға алған. Өндіріс процесі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Жоғарыда аталған елдермен қатар Беларуссияда да тіркелген және СЭС, Ке­дендік Одақ талаптарына сәйкес ке­летін құжаттарымыз бар.

– Препараттың формуласын кім ойлап тапты?

– Біздің бұл жаңалығымыз биомедицина мен стоматология саласындағы жетекші халықаралық институттардың көп жылдық зерт­теу­лерінің нәтижесі болып табылады. Бірақ шығарудағы не­гіз­гі ой мен жүзеге асыру идеясын қалаған – өзім. Бұған дейін мен ұзақ жылдар бойы халық­аралық институттармен бірлесіп жұ­мыс істедім. Ол маған үлкен тә­жі­рибе болды.

– Білуімізше, «ІnnoDent» арнайы формуламен Швейцария жасалады екен. Оны өзімізде өндірудің мүм­кіндігі жоқ па?

–Иә, біз «ІnnoDent»-ті барлық халықаралық стандарттарға сәйкес патентімыз бойынша Швейцарияда өндіріп жүрміз. Өйткені ол көп жылдық тәжірибесі бар өте үлкен өндіріс орны, әрі бағасы осында өндіруден әлдеқайда төмен болып тұр.

Балалар үшін тиімді

– Бағасы қанша?

– Препарат тек тіс емханаларында емдеу процедурасы ретінде қолданылатындықтан бағасын стоматологиялық орталықтар өздері бел­гілейді. Тіс емханаларында бір тіс үшін бағасы шамамен 5-10 мың теңге болады.

– Қарсы көрсетілімдері жоқ па? Балаларға, мысалы, сүт тіске қолдануға бола ма?

– Әрине, болады. Біздің клиент­теріміздің басым бөлігі балалар тіс емханалары. Бұл табиғи таза өнім. Кері әсері жоқ. Аллергия туғызбайды. Онда химиялық заттар мен консерванттар жоқ. Ол эмаль-дентин ая­сында жұмыс істейді. Яғни ағзаға, қан­ға тарамайды. Сондықтан балалар­ға, ересектерге және жүкті әйелдерге де қолдануға болады.

– Оны бірнеше рет қолдануға бола ма?

– Бастапқы кариес сатысында емдегенде қайта қолдануды қажет етпейді. Ал басқа жағдайларда 3 айдан кейін тағы қайталауға болады.

– Өте қатты бүлінген, «пломба» салынуы тиіс тіске қолданыла ма?

– Тісте қуыс пайда болғанға дейін, яғни тіс жегінің алғашқы сатысында емдеуге ұсынылады.

– Оны өз бетімен қолдануға бола ма? Әлде тек стоматолог көмегі қажет пе?

– Болмайды. Алдымен нақты және дұрыс диагноз қойылуы керек. Сосын емдеу протоколы бойынша қолданылады.

– Тамаша бұл тамшыны қай қалалардан табуға болады?

– Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында қол­да­ныста бар. Жақын арада басқа қалаларға енгізуді жоспарлап отырмыз.

– Оңтүстікте қай тіс емханаларынан табуға болады?

– Шымкентте осы ақпан айынан бастап бірнеше тіс емханаларында қолданысқа еңгізілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар тіс емханасы, ОҚ «Фарм Академиясы», «Baby Smіle», «ЭлитСтом», «Космо-Дент», «Дента Класс», «Мастер Дент», «Dіva Cтом»-нан табуға болады. Біз­дің мамандар осы тіс емханаларында болып, мастер-класстар өткізді, дә­рігерлерді жеке-жеке сертификациялаудан өткіздік.

– Түсінікті. Енді «ІnnoDent» ЖШС жайлы қысқаша айтып өтіңізші. Қазақстандықтар үшін тағы қандай жа­ңа­лықтарыңыз бар?

– «ІnnoDent» ЖШС-і 2013 жылы Шымкент қаласында ашылып, жұмыс істеген. Қазір Астанадамыз. «Іnno­Dent» өнімін Еуропа мен Америка нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз. Ал басты жаңалығымыз – биыл үй жағдайында да қолдануға болатын, тіс кариесінің алдын алуға арналған препараттар шығармақпыз. Бұл жайында жыл ортасына қарай естисіздер.

– Олай болса, істеріңізге сәттілік тілейміз!

Сұхбатасқан – Р.САҒАТҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру