Ақпарат

Ерлан Қарин «Қазақстанға» келді

Қаралды: 410

Өткен аптада Ерлан Тынымбайұлы Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ерлан Қариннің жасы 40-та, ол – саясат ғылымдарының кандидаты. Ақтөбе мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін, Қазақ Ұлттық университетінің филология және саясаттану факультетін бітірген. Кезінде Саяси зерттеулер жөніндегі Орта Азия агенттігінің директоры, Қазіргі заманғы саясат халықаралық институтының бас директоры болған, Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы, Президент жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметтерін атқарған.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру