Берен басшы Бердібекке «Б»-дан бедерленген бір бет баяндама

15.02.2017
Қаралды: 577

Өткен аптада есімі елге етене таныс қайраткер, белгілі тұлға, кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған, бүгінде Ақтөбе облысын басқарып жүрген Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 64 жасқа толды.

Осы оқиғаға орай ол кісіні қызу құттықтап, оған жүрекжарды лебіздерін арнағандар өте көп болды. Әрине, бұл жағдай Б.Сапарбаевтың ел ішінде аса абыройлы азамат еткенін көрсетсе керек.

Қуаныш иесін біз де құттықтай отырып, танымал әріптесіміз, белгілі публицист Шархан Қазығұлдың Бердібек Мәшбекұлына арнаған ерекше құттықтау мәтінін қаз-қалпында оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Жасыңызға жас қосыла берсін, Беке!

Біссіміллалап бастайық, бағаналы байтақ Батысы­мызды біліктілікпен биязы басқарып, берекетке бөленген, беделді, белсен­ді, берекелі, белді, белгілі Бердібек баһадүрге бұқараның берер бағасы да, батасы да баршылық. Бұлай бейнелейтініміз, бұқараға бүкпесіз бүтіндей бүйрегі бұратын Бекең – бейнетке бағзызаманнан бетін берген берек те берен басшы. Басқару баспалдақтарының барлық барьерлерін байыппен бағындыра білген байламы берік Бекең басыбайлы бастамашылдығымен баршаны батпан батагөйлігімен болашаққа бастап барады. 

Бесікте-ақ буыны бекіген, болаттай берік Бекең – бұқараның бағына байланғанын бұлдамайды, бұқараның басындағы батпаннан бұлтартпайды, бұқараның бұйымта­йын бұлжытпай бітіруге баяғыдан бейімделген басшы. Басты белестерімізде басымызды биікке бағыттаған Бекең бұғалығын басқаларға бұрып, біздің бәрімізді бір бүйіріндегі бауырларына балайтынын баяғыда-ақ басқаларға білдіртпей байқататын. Бойынан бейқамдылық байқалмайтын Бекеңнің бейкүнә бейнесінен бейбітшілікке бейімділіктің барлық белгілері білінетінін баршаңыз білесіздер!

Бұйығылыққа, біржақтылыққа, боскеуделікке, бойкүйездікке, боссөзділікке бойын бұрмаған Бекең баяғыдан бекзаттылығымен бедерленеді. Бейтарап Бекең – баққұмарлыққа да бармай, бақталастыққа да бой бермеген басшы. Босағасы берік Бекең бағасын білмейтіндерге бекерден бекер бақшасын бүлдіртпейді. Болмыс-бітімі бөлек, бірсөзді, біртоға, Бірінші Басшысымен біртұтас Бекең бүгін де бедерлене береді.

Бекең – байсалды да, байыпты бабындағы батыр. Биографиясын бюджеттік бақылау бөлімінің бастығы болып бастаған Бекең бүгін бір белестен бір белеске беттеп барады. Бағытыңыз бұрыс болмағай, Беке! 

 Бекеңе басты бата: Бауырларыңызға беделіңіз, байсалдылығыңыз, білгірлігіңіз, болжамшылдығыңыз, біліктілігіңіз, балажандылығыңыз, басқасының бәрін былай бұрғанда, бейбітсүйгіштігіңіз береке бергей. Бақытты болыңыз, Беке! Бауырыңыз бүтін болсын!

Шархан ҚАЗЫҒҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ