Ақпарат

Алаш арыстарын ардақтайық

Қаралды: 314

Құрметті ағайын, Қазақ Елі!

Биыл желтоқсан айының ортасында Алаш автономиялық мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толады. Өкінішке орай, бұл мәселе ешқандай мемлекеттік бағдарламаға ілінбей отыр.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың ертеректе айтқан: «Қазақ елінің алтын қазығы, түркі әлемінің алтын бесігі – киелі Түркістан, қазақтың рухани өсуі осы жерден басталады», – деген сөзі бар еді. Сол сөз аяқасты болып, ұмытылып барады.

Сол себепті Қазақ даласының құрметті ұлдарына Үндеу жариялаймын.

Киелі Түркістан жеріне Алаш автономиясының іргесін қалаған, 1937-жылы атылып кеткен, арманда кеткен, қыршын кеткен қазақ ұлтының қаймақтарына арнап үлкен монументальды ескерткіш қою мәселесін қолға алайық! Сол жерге бүкіл түркі әлемінің басшыларының басын қосып, үлкен ас берейік!

Егер түркі әлемі бір жалаудың астына біріксе, қара қытай да, сары орыс та аяғын тартады. Ұлы Тұран империясының рухы Қазақ даласына келеді.

Арманда кеткен ұлыларымыздың арманын орындау – біздің ең биік парызымыз!

Е.ҚАЛДЫБАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру